Қырғызстанда президент сайлауының нәтижесі анықталғанша премьер-министрдің лауазымдық өкілеттілігі тоқтатылды, деп хабарлады Кабар агенттігі.
Сайт мәліметінше, тиісті өкімге Қырғыз Республикасының премьер-министрі Садыр Жапаров қол қойған.
"Қырғыз үкіметі туралы" Қырғызстанның конституциялық заңының 19-бабына сай премьер-министрдің міндетін атқару бірінші вице-премьер-министрге жүктелді. Бірінші вице-премьер-министр қызметін Артем Новиков атқарады.
Пікір қалдыру