Мұхтар Шаханов: Қазір Гитлердің саясаты алға шықты

/image/2020/11/25/crop-52_19_515x916_11444923.jpg

Қазақстанда тіркелген 6 саяси партияның Жалпыұлттық социал демократиялық партиядан басқасы 10 қаңтарға белгіленген парламент мәжілісінің сайлауына кандидаттар тізімін жариялады. Ақын, 2004-2007 жылдары мәжіліс депутаты болған Мұхтар Шаханов алдағы сайлау туралы не ойлайтынын айтты.

Оның сөзінше, қазіргі таңда ұлт мүддесі үшін деп жүрген депутат жоқ.

– Қазір тек "жепутаттар" ғана бар. Партиялар қолдан жасалған. Олардың ешбіріне сенгім келмейді. Қазіргі кезде ең құрметті адамдар "ырбигүлдер" мен "жырбибайлар" (әншілер – ред) болып тұр. Ертеден кешке дейін ән салады. Кезінде Гитлерден "шығыстағы елдерге қандай саясат қолданасың" деп сұраған ғой. Гитлер сонда "оларға ертеден кешке дейін жеңіл әндер, жеңіл музыка қоя беру қажет. Оларға ойлануға, кітап оқуға мүмкіндік бермеу керек. Өйткені адам рухани жағынан неғұрлым саяз болған сайын, өзін соғырлым бақыттырақ сезінеді" деген. Қазір бүкіл әлемде Гитлердің осы саясаты алға шықты. Сондықтан қазіргі кезеңде шындық жоқ. Шындығын жоғалтып алса, ақты ақ, қараны қара деп айтудан қалса, сөзі басқа, ісі басқа, ұлттық, ғаламдық мүддеге тамыр жібере алмаса, пенделігі тек өзін ғана емес, қоғамды да алдаса, ондай ақынның да, ғалымның да, саясаткердің де мазмұны, даңқы далбаса, – деді ақын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар