"Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев кез көлген мәселені заңды жағынан шешуді ұсынып, азаматтарды партияға кіруге шақырды.
– Бүгінде "Nur Otan" өз уәдесінде тұра алатын, елдегі мықты көшбасшыларды топтастырған саяси ұйым екенін бәрі көріп отыр. Басқа партиялар да болады, қазір де бар. Оған ешкімнің қарсылығы жоқ. Қоғам солай, уақыт солай. Бірақ сол партиялардың барлығы нақты ұсыныс беріп, елге жақсылық жасаса екен дейміз. Тек сынап, көшеге шығып айқайлағаннан не шығады? Қанша айқайласа да, көшеге шықса да көпбалалы аналар, жағдайы жоқ кісілер түбінде кімге келеді? Үкіметке келеді. Бәрін шешетін мемлекет, үкімет. Сондықтан дау-дамайға салмай, айқай-шусыз партияға кіріп, одан соң депутаттыққа өтіп, сол жерде мәселесін көтеріп, шешу керек. Осы жолмен жүрейік, деді ол "Nur Otan" партиясының кезектен тыс ХХ съезінде.
Пікір қалдыру