Қайтыс болған футболшы Диего Марадонаның соңғы сөзі жарияланды

/image/2020/11/26/crop-8_6_373x590_2566747.jpg

Баспасөзде Аргентина құрамасының бұрынғы футболшысы және жаттықтырушысы Диего Марадонаның соңғы сөзі делінген ақпарат тарап жатыр. Ол жерде футболшы денсаулық жағдайының мәз еместігін айтқан. Бұл туралы Todo noticias телеарнасыны хабарлаған.

Марадона өмірінің соңғы сәттерінде үйінде жиені, психолог және медбике Джонни Эспоситомен бірге болған. Таңғы астан кейін "жағдайым жақсы емес" деп, тынығу үшін бөлмесіне кеткен. Бұл жақындары Марадонадан естіген соңғы сөз болған деседі.

Бір мезетте оның демалуы қиындап, жақындары жедел жәрдем шақырған. Футболшыға тоғыз жедел жәрдем көлігі келген, бірақ дәрігерлер футболшыны ажалдан арашалай алмады.

Диего Марадона жедел талмасынан көз жұмғаны белгілі болды. Аутопсия туралы есепте оның "жедел өкпе ісінуі" бар екені де айтылған.

Даңқты футболшы Марадона 61 жасында 25 қарашада Буэнос-Айрестегі (Аргентина) Нордельт ауданындағы үйінде жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00-де (Нұр-сұлтан уақыты бойынша 21.00-де) қайтыс болған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар