Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмонияның тәуліктік статистикасын жариялады.
Соңғы тәулікте 661 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, 914 адам емделіп шыққан. 7 адам қайтыс болған. 22 адамнан пневмония анықталып, 2 адам көз жұмған.
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 13 738 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 041 бала бар. Стационарларда 4 187 науқас жатыр. 21 450 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 239 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 37 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 37 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
2020 жылдың 13 наурызынан бастап 15 желтоқсанға дейін 142 986 адам Covid-19-бен ауырған, оның ішінде 2152 адам қайтыс болған.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап 15 желтоқсанға дейін 43 974 адам пневмония жұқтырған, соның ішінде 466 адам қайтыс болған.
Пікір қалдыру