Отандық вакцина салғызған еріктілерге 200 мың теңге төленеді

/image/2020/12/28/crop-8_46_439x780_1598627414.jpg

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты коронавирусқа қарсы вакцинаның зерттеуіне қатысатын еріктілерді іздеуде. Сынаққа жарамды еріктілерге 200 мың теңге беру көзделген. Салық ұсталымдарынан кейін қолға 160 мың 170 мың теңге тиеді.

Зерттеу Алматыдағы №4 клиникалық ауруханада жүргізіледі. Ақпаратты клиника қызметкерлері растады.

Вакцинаны сынақтан өткізуге қатысатын азаматтарға төмендегідей талап қойылады.

- COVID-19 диагнозы болмауы керек;

- Еріктілер соңғы 14 күн ішінде коронавирус зертханалық тұрғыда расталған немесе инфекцияға күдік бар адамдармен тығыз байланыста болмауы керек;

- Созылмалы инфекциялар және аллергиялық реакциялары жоқ болуға тиіс;

- Маскүнемдік және нашақорлық, психикалық бұзылулар, ауыр эндокриндік және бүйрек аурулары бар адамдар сынақтарға жол бермейді;

- Еріктілер созылмалы жүрек және қан айналымы аурулары бар диспансерлік есепте тұрмауы керек;

- Жүкті және бала емізетін әйелдер зерттеуге қатыса алмайды;

- Вакцинациядан бұрын ерікті түрде келісілген келісімге қол қойып, күнделікті өзін-өзі бақылау күнделігін жүргізіп, алты ай ішінде дәрігерге уақытында баруы керек.

Зерттеудің әр қатысушысына сақтандыру беріледі.

Сынақ өтетін клиника мекенжайы:

Алматы қаласы, Торайғыров, 49/1
mipoclinic.kz
https://go.2gis.com/1zhtkk

Whatsapp чат
https://chat.whatsapp.com/KedB9vWgVnI62yLgGQ9GZG

Еріктілер ашқарынға келуі керек. Өзімен бірге жеке куәгіліннің болуы міндетті.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар