Шымкентте 9-сынып оқушысы жүкті болып қалды

/image/2021/02/11/crop-0_1_334x593_zamershaya-beremennost-prichinyi-i-posledstviya-1.jpg-avarochplrsodldgd.jpg

Шымкентте 15 жасар жасөспірімнің мектеп қабырғасында жүкті болып қалғаны анықталды. Бұл ақпаратты қалалық білім басқармасы өкілдері растады.

Шаһардың бас ұстазы Жанат Тәжиеваның айтуынша, бұл жағдай өткен жылы қазан айында анықталған. Бұл уақытта балалар сабақты жаппай қашықтықтан оқып жүрген. 9-шы сынып оқушысының ынтасы төмендеп, көңіл-күйі түсіп жүргенін ұстаздары байқап, психологиялық жұмыс жүргізген. Нәтижесінде күдіктері расқа айналған.

– Мектепте осындай жәйт болды. Әрине, мен бұл хабарды естідім. Психологтар мен оқушылар қыздың жүкті екендігін біліп, осы жағдайды тиісті органдарға хабарлады. Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде, – деді Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы.

Ал, 9 сынып оқушы өзінің зорланғанын алға тартуда.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

 

 

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар