Семей қаласында жер үй өртеніп, 2 адам қайтыс болды. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 3 наурыз сағат 05:00 шамасында Белібаев көшесіндегі жер үйде болған. Соның салдарынан ер мен бала (әкесі мен баласы) іште қайтыс болғаны анықталды.
"Жалын шарпыған жалпы аумақ 180 шаршы метрді құрады. Барлау жүргізу барысында бөлмеден 1946 жылғы үй иесі мен оның 1976 жылғы ұлының денесі табылды" делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер үй ішінен 2 газ баллонын алып шыққан.
Пікір қалдыру