Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова қала тұрғындарына үндеу жолдады.
– Алдағы мереке күндерін ескере отырып, қала тұрғындары мен қонақтарына карантин шараларын сақтау қажеттігін тағы бір мәрте ескерткім келеді. Бетперде киіп, арақашықты сақтаңыздар. Мүмкіндік болса, адамдар көп жиналатын жерлерге бармаған жөн. Бұқаралық шараларды ұйымдастыруға болмайды, – деді Бейсенова.
Қалада соңғ тәулікте 68 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде 37-інің симптомы бар, 31-інде симптом жоқ.
Пікір қалдыру