Алматыда шетелдік қылмыстық топ өкілдері ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайты хабарлады.
"3 ер адам, олардың екеуі Тәжікстан және біреуі Грузия азаматы қала кәсіпкерлеріне қатысты ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға дайындалу кезінде ұсталды. Қылмыстарын іске асыру үшін ТҰҚТ мүшелері шекараны заңсыз кесіп өтіп, Қазақстан аумағында астыртын болған" делінген хабарламада.
Ұстау барысында 2 жауынгерлік тапанша, 1 келте мылтық, оларға оқ-дәрілер, бірнеше суық қару және басқа да қару-жарақ пен қылмыс жасау құралдары табылып, алынды.
Қылмыскерлер Алматы қаласында тәжік диаспорасының кәсіпкерлеріне тиесілі ломбардтарға, айырбастау пункттері мен тұрғын үйлерге бірқатар қарақшылық шабуыл жасау және ұрлау үшін тұрақты қылмыстық топ құруды, сондай-ақ олардан тұрақты негізде ақшалай қаражат алу үшін оларды "қамқорлыққа алуды" реттеп қоюды жоспарлаған.
2019 жылы қылмыскерлердің бірі Қазақстанның құқық қорғау органдары тарапынан жауапқа тартылып, елден шығарылған. Ұсталғандар бұрын бірнеше мәрте сотталған және "ұрылар қауымдастығының" әрекетіне қатыстары болған.
Оолардың бірі Ресейде кісі өлтіру бойынша жазасын өтеген. Екеуінің қылмыстық ортада "ұмтылушылар" (заңдағы ұрыларға кандидаттар) мәртебесі бар және "заңдағы ұрылар" Азиз Батукаевпен ("Азиз"), Дэвид Герлианимен ("Дато Сван", 2017 жылы ҰҚК жауапқа тартқан) және басқалармен байланыста болған.
Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты қылмыстық Кодекстің 287-бабы 3-тармағы (қаруды заңсыз сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодекстің 392-бабы (Мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселе қаралды.
Пікір қалдыру