Оңтүстік Кореяның электрондық сауда алыбы Coupang компанисы бейсенбіде Нью-Йорк қор биржасындағы акциялар тізіміне шықты. Нәтижесінде компанияның негізін қалаушы Бом Ким мультимиллиардер атанды .
Биржаға шыққан кезде компаниядағы акциялар өсіп, Гарвардтағы бизнес-мектептен шығып қалған корей жігітінің дәулеті 8,6 млрд долларға бағаланды.
Пандемия кезінде шығындар көп болғанымен онлайн-дүкендер белгілі деңгейде дамыды. Былтырғы жылы компания кірісі екі есеге жуық өскен.
Пікір қалдыру