Қазақстанның 3 өңірі коронавирустың “қызыл” аймағында тұр

/image/2021/03/22/crop-0_23_450x600_3bbed5b4-7876-49b7-ac18-82afab33746d.jpeg

Қазақстанның үш өңірі коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары және Батыс Қазақстан облысы "қызыл" аймақта.

Ақмола, Ақтөбе Алматы, Атырау және Қарағанды облыстары "сары" аймақта.

Ал қалған барлық өңір "жасыл" аймақта. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар