Алматыда автобус өртенді

    Айзада Бидан
    Алматыда автобус өртенді Фото: ТЖМ Алматы

    Желіде автобус өртеніп жатқан видео тарап жатыр. Оқиға Алматыда болғаны белгілі болды. Видео kris.p.online парақшасында жарияланды.

    Қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сағат бүгін 11:00-де Алатау ауданы Әйгерім-2 шағынауданында автобус өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минут ішінде жеткен. Жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Лиаз автобусының ішінде жолаушылар болмаған.

    Жанып жатқан автобусты сөндіру үшін көбікпен бөшкелер, автобус құрылымдарын салқындату құралдары жеткізілген. 7 минут ішінде өрттің таралуы тоқтатылып, 11:22-де толық сөндірілген.

     
     
     
    Посмотреть эту публикацию в Instagram
     
     
     

    Публикация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online)

     

    Қатысты тегтер :

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025