"Талапқа сай емес". Білім министрі мектептегі бірқатар проблеманы айтты

/image/2021/06/01/crop-276_25_1045x1394_f9rxq3cq.jpg

Бүгінде мектептер мен балабақшалар 100% бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

– Мектептер мен балабақшалар 100% бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Бірақ оның 25-21%-ы бекітілген талаптарға сәйкес келмейді. Біз жуықта ғана ауқымды тексеру жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Сол кезде осы мәселе анықталды. Тек қана 823 мектеп немесе 11,4%-ның бейнебақылау жүйесі полиция органдарының жедел басқару орталығына қосылған. Ал арнайы күзетпен қамтылған мектептердің саны 466 ғана, кемінде 6-4%-ды құрайды, – деді Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, барлық мектептің 14,9%-ында ғана "дабыл" түймесі орнатылған. Ол жақын арада барлық мектептерді "дабыл" құрылғыларымен қамту қажеттігін және тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

Оқи отырыңыз: "Грант санын 2 есеге көбейттік". Аймағамбетов мәлімдеме жасады

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар