Тоқаев Шарын шатқалында қайтыс болған мұғалімді марапаттады

/image/2021/06/01/crop-134_5_436x581_photo_363245.jpeg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Шарын шатқалында оқушыларды құтқару кезінде қайтыс болған  №199 гимназияның мұғалімі Мерей Ибрагимов  "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

"Адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Алматы қаласы № 199 мамандандырылған гимназия КММ мұғалімі Мерей Нұрғазыұлы Ибрагимов "Ерлігі үшін" медалімен наградталсын (марқұм)" делінген жарлықта.

29 мамыр күні Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, соның салдарынан экспедицияда жүрген мұғалім, ата-ана, оқушылардан тұратын топтағы бір мұғалім мен бір оқушы мерт болып, бір оқушы тәулікке жуық уақыттан кейін табылған. Тағы 6 адам зардап шеккен.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар