Елде "кредит рақымшылығы" ұзартылатыны рас па? Министрлік жауап берді

/image/2021/06/01/crop-21_15_871x1549_3a16008acc5cf40fe6c40282f94b1e17_crop_l_9_t_50_w_1172_h_659_resize_w_1600_h_900.

Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған "кредит рақымшылығын" ұзарту туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

"Қазақстанда азаматтар үшін "кредиттік рақымшылықты" ұзарту жоспарланып отырғаны туралы бірқатар БАҚ-тағы жарияланымдар журналистердің "Ашық деректер" порталында орналастырылған үкімет қаулысының жобасын дұрыс түсіндірмеуіне негізделген және шындыққа сәйкес келмейді" делінген мәлімдемеде.

Министрлік дерегінше, азаматтарының борыш жүктемесін азайту 3 кезеңде жүргізілген. Бірінші кезеңде есептен шығару 2019 жылдың қыркүйегінде 507,4 мың азаматқа жалпы сомасы 105,2 млрд теңгеге, екінші кезеңде 2019 жылғы желтоқсанда 46,9 мың азаматқа жалпы сомасы 9,8 млрд теңгеге жүзеге асырылған.

Ведомство бүгінгі күні берешекті есептен шығару бойынша барлық жұмыстар аяқталғанын және оларды қайта бастау болжанып отырмағанын мәлім етті.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар