"Ashyq" қосымшасымен кіру үшін смартфоны жоқ зейнеткерлер не істейді?

/image/2021/08/12/crop-201_271_647x1149_mycollages.jpg

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті зейнеткерлердің "Ashyq" қосымшасын пайдалануына қатысты мәлімдеме жасады.

Бұқаралық ақпарат құралдарында зейнеткерлер де "Ashyq" қосымшасының болмауына байланысты азық-түлік дүкендеріне кіруіне шектеу қойылатыны айтылған болатын.

Алайда департамент смартфоны мен "Ashyq" қосымшасы жоқ  қарт адамдар жеке куәлікпен азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға кіре алатынын хабарлады.

"Сіз смартфондағы мобильді қосымша арқылы Ashyq жобасында жұмыс істейтін нысандарға кіре аласыз, ол болмаған жағдайда, жеке куәлік арқылы келушінің мәртебесін сканерлейді. Жеке куәліктің көмегімен қарт адамдар "Ashyq" нысандарына, соның ішінде азық-түлік дүкендеріне, дәріханаларға және басқа жерлерге бара алады" делінген хабарламада.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар