219 мың теңге айлық алатын қала әкім өкінішін айтты

    Айзада Бидан
    219 мың теңге айлық алатын қала әкім өкінішін айтты Фото: Хабар 24

    Алматы облысы, Есік қаласының әкімі Айдар Бошқұлов айлығының 219 мың теңге екенін, әкім болғанына өкінетінін айтты. Бұл туралы ол "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында мәлімдеді. 

    – Мен бұған дейін бизнесте болдым, шынымды айтсам әкім қызметіне келгеніме өкінетін кездер болады. Өйткені өзіңе-өзің бастық болғың келеді. Айлығым 219 мың теңге, бірақ шағымым жоқ. Осы Есік қаласында әйелімінің жалға берумен айналысатын кәсібі бар, – деді Есік қаласының әкімі. 

    Бұған дейін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев айлығының 800 мың теңге екенін айтқан болатын. 

     

    Қатысты тегтер :

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025