"Сәбиімді алып кетіңіз". Үміті үзілген ауған әйелдері балаларын офицерлердің алып кетуін өтінді

/image/2021/08/19/crop-14_2_450x674_071220918000.jpeg

Соңғы күндері Ауғанстан астанасы Кабулдағы әуежайда ауыр жағдай болып жатыр. Жүздеген адам Ауғанстандағы Талибан билігінен қашу үшін әуежайға жақын алаңға ағылуда.

Британиялық Sky News телеарнасы америкалық аға офицердің Кабулдағы жүрек шымырлататын көріністерді суреттегенін хабарлады.

– Өте қорқынышты. Әйелдер сәбилерін тікенек сым темірлердің үстінен лақтырып, сарбаздардан сәбилерді алып кетулерін сұрады. Балалардың кейбірі сым темірлерге ілініп қалды, – дейді офицер.

"Мен күйеуім үшін уайымдаймын... бәріміз кеше түнде жыладық" дейді өзін Фатима деп таныстырған ауған әйелі. Әйелден қайда баратынын сұрағанда "Кез келген жерге! Кез келген елге" деп жауап берген.

Талибан күштері қару, қамшы және таяқты қолданып, әуежайға қашқан ауғандарды тоқтатуға тырысып жатыр. Салдырынан кейбір рейстер жартылай бос қалғаны хабарланды .

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар