Мемлекеттік ЖОО оқытушыларының жалақысы қанша болады? Министр жауап берді

/image/2021/08/19/crop-137_10_524x698_d8880cbdc5d0cae9ec41ccff40f4fb60.jpg

Білім және ғылым министрлігіне қарасты мемлекеттік жоғарғы оқу орындары мұғалімдерінің шекті жалақысы бекітілді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.

– Жай оқытушылар – 200 мың, аға оқытушылар  – 230 мың, профессорлар – 350 мың алады. Осылайша шекті жалақы мөлшерін белгілеп қойдық, – деді министр.

Сондай-ақ ол мектеп директорларының жалақысы жүктемеге қарай белгіленетінін атап өтті.

– Қазіргі уақытта мектеп басшыларының жалақысына қатысты мәселе көп тақыланып жатыр. Біз ол жайлы білеміз. Қазіргі еңбекақы деңгейінде бәсекеге қабілетті менеджерлер басшылық қызметке баруға қызықпай отыр. Жалпы жақсы педагогтер оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры болуға ұмтылмайды. Біз одан хабардармыз. Сондықтан бұл мәселе өзгеріс енгізуді қажет етеді. Білім және ғылым министрлігі мектеп директорларына еңбекақы төлеу жүйесіне, соның ішінде әртүрлі ұйымдар бойынша жалақыны саралауға өзгеріс енгізуді қарастырып жатыр. Бұл 40 бала оқитын мектеп директоры мен бақылауында 1200-2000 оқушы бар мектеп басшыларына бірдей жалақы төлеуге қатысты. Мұнда жүктеме әр түрлі екені анық көрініп тұр. Біз бұл жайлы айттық және министрлік сәйкес шешім дайындап жатыр, – деді министр тамыз конференциясында сөйлеген сөзінде.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар