Байденге импичмент жариялауға шақырған АҚШ сенаторларының саны көбейе түсті. Тіпті "Байденді қызметінен алу керек, соттау керек" деген санаторлар да шыға бастады.
– Біз қиын жағдайға түстік. Біздің шетелдік одақтастарымыз, тіпті өз азаматтарымыз енді біздің үкіметке сене алмайды, Джо Байденге сене алмайды. Біздің ұлтымызға қауіп төндірсе, ережені елемесе президентке шара қолдану Конгрестің міндеті, – деді республикашылдар өкілі Марджори Тэйлор Грин президент Джо Байденге қарсы импичмент мақалаларының жаңа нұсқасын ұсынып.
Ол қазіргі үкімет лигитимді емес деп санайтынын айтып, мұны өз азаматтарына қызмет етпей отырғанымен түсіндірді.
– Біз одақтастарымыз бен азаматтарымыз үкіметке сенуі үшін Америкаға деген құрметті қалпына келтіруіміз керек. Джо Байденге импичмент жариялануы, Сенатта қаралуы, сотталуы және қызметінен алынуы керек, – деп қосты Грин.
Пікір қалдыру