Коронавирус. Тағы 109 адам қайтыс болды, 16 өңір “қызыл” аймақта

/image/2021/08/22/crop-164_21_797x1063_e491e33f-e748-4841-987b-b7b0b06d5586.webp

Денсаулық сақтау министрлігі 21 тамыз күнгі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.

Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 6725 адамнан коронавирус, 310 адамнан пневмония анықталған. 20 тамызда 93 адам коронавирустан, 16 науқас пневмониядан көз жұмған.

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 736 906-ға жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 67 805.

22 тамыздағы мәлімет бойынша, 123 773 адам коронавирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 29 856 пациент стационарда, 93 917 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1927 адамның жағдайы ауыр, 523 пациенттің жағдайы өте ауыр, 249 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Түркістан облысы ғана "жасыл" аймақта.

22 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 351 991 адам, 2-компонентін 4 995 244 адам салдырған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар