Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов елде карантин шараларын жеңілдету туралы қаулы шығарды.
Құжатқа сәйкес Алматы қаласын қоспағанда, 28 тамыздан бастап төмендегі нысандардың жұмысына рұқсат етіледі:
- демалыс күндері – "Ashyq" жобасына қатысатын барлық бизнес объектілердің жұмысына – сағат 00.00-ге дейін, "Ashyq" жобасы көшбасшыларының жұмысына – қызметкерлер мен келушілерде "жасыл мәртебе" болған жағдайда сағат 02.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі;
- сенбі күндері – қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат етіледі.
Алматы қаласын қоспағанда 30 тамыздан бастап "Ashyq" жобасына қатысатын барлық бизнес объектілері үшін жұмыс уақыты (режимі) жұмыс күндері сағат 22.00-ден 00.00-ге дейін, "Ashyq" жобасының көшбасшылары үшін сағат 00.00-ден 02.00-ге дейін ұзартылады.
Пікір қалдыру