Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасындағы жарылыстан тағы бір әскери қызметші көз жұмғанын хабарлады.
Министрлік жарылыстан тағы бір әскери қызметші – өрт сөндіру командасының бастығы, келісімшарт қызметінің старшинасы 1992 жылғы Еркін Нәдірбеков қаза тапқанын мәлімдеді.
– Ол инженерлік оқ-дәрі қоймасындағы өртті сөндіру жұмысын басқарған. Жарылыстан кейін оқиға орнында қаза болды. 27 тамыз күні жоғалғандар қатарына енген әскери қызметшілер арасында болған, – деп мәлімдеді ведомство.
Қорғаныс министрлігінің басшылығы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Министрлік оның отбасына қажетті көмек көрсетуге уәде етті.
Алдын ала ақпарат бойынша ауруханаға 90-ға жуық адам түсті, оның 49-ы – төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері. ҚР Білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетіне келіп түскен ақпаратқа сәйкес "Жамбыл облысында (Байзақ ауданы) зардап шеккендердің арасында балалар жоқ" деп мәлемдеді.
Әскери бөлім қоймасындағы жарылыста жоғалған бірнеше қызметкер іздестіріліп жатыр.
Оқиға орнында төтенше жағдай министрі бастаған жедел топ жұмыс істеуде. Бұған дейін Тараз маңындағы жарылыстан төрт әскери қызметшінің көз жұмғаны хабарланған болатын.
Пікір қалдыру