Ауғанстанның астанасы Кабулда Хамид Карзай халықаралық әуежайы орналасқан аймақта жарылыс болды. Бұл туралы Reuters ақпарат агенттігі хабарлады.
АҚШ қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Джон Кирби Кабул әуежайы маңында жарылыс болғанын растады. Қатарынан болған жарылыстан қаза тапқандар 60-қа, жаралағандар саны 140-қа жетті. Оның 13-і америкалық сарбаздар.
– Кабул әуежайы тұсында жарылыс болды. Жаңа ақпараттар болса хабарлап отырамыз, – деді Джон Кирби.
Куәгерлердің сөзінше, жарылысқа бір жанкешті себеп болған. Сонымен қатар Кабулдан көтерілген Италияның әскери ұшағына оқ атылған.
Ұшаққа шамамен 100 ауғанды алып көтерілгенде бірнеше минуттан кейін оқ атылған. Үкімет оқ атып, әуежайдағы қалың адамды таратпақ болған.
Талибан қозғалысы Ауғанстанды басып алғаннан кейін басталған хаос жалғасып жатыр. Тәліптер елді басып алғалы Кабулда қатарынан 6 жарылыс болды.
Пікір қалдыру