Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Бейнеконференциялық байланыс арқылы онлайн форматта өткен мәжіліске қала әкімі, қалалық ассамблея төрағасы Мұрат Әйтенов қатысты.
Жиын барысында жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім саласында Түркістан облысында атқарылған жұмыстар, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің қызмет тәжірибесі баяндалды.
Білім беру, ақпараттық саясат жүргізу, ашық қоғам құру, жастарымызды интернет кеңістіктің зиянды контентінен қорғау, балалар спорты мен шығармашылығын дамыту, көпбалалы аналарды әлеуметтендіру, телеарналарда отандық анимациялық өнімдер үлесін арттыру, жеткіншектерге арналған телеөнімдер көрсету мәселелері жөнінде ұсыныстар айтылы, қолдау тапты.
Қала халқының 30 пайыздан астамын этнос өкілдері құрайды. Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан 17 этномәдени бірлестік қызмет ететіп, жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің жарқын үлгісін көрсетіп келеді.
Ассамблеяға жүктелген міндеттер шеңберінде қалалық және аудандық деңгейлерде Қоғамдық келісім және Аналар кеңестері, Медиация кеңесі, Ғылыми-сарапшылық топ, Журналистер мен блогерлер клубы, Жастар қоғалысы, барлығы 8 қоғамдық құрылым қызмет етеді.
Қалалық ассамблея тарапынан жыл басынан бері 87 іс-шара, 59 кездесу, 23 лекторий, 19 қоғамдық қабылдау, 14 семинар ұйымдастырылып, өткізілген. Эпидемиологиялық ахуал ескеріліп, бұл іс-шаралардың басым бөлігі онлайн форматта өткен.
Республикалық Ассамблея Кеңесінің отырысын Мемлекет басшысы қорытындылап, мемлекеттік этносаралық саясатты ілгерілету, Қазақстан халқы Ассамблеясы институтын одан әрі нығайту жөнінде бірқатар маңызды міндеттерді белгіледі.
Саланы жетілдіруге бағытталған бұл тапсырмалар қалалық ассамблея мүшелерінің алдағы жұмыс басымдығы болып айқындалды. Биылдан бастап қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы дербес ғимаратына ие болды. Достық үйі ретінде қызмет ететін бұл орталық қазақстандық бірлік пен бірегейлікті нығайту бағытындағы қызметін жалғастырады.
Пікір қалдыру