Әлеуметтік жаңғырту: Бірінші тапсырма

/uploads/thumbnail/20170708195424111_small.jpg

1-ші ТАПСЫРМА

Үкімет «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесіп 2013 жылдың 1 сәуіріне дейін «Қазақ­стан-2030» стратегиясы ережелері мен қа­зақ­стандық әлеуметтік жүйе мен эконо­микалық жаңғырту міндеттері қоғамын бірлесіп дамыту мәселелеріне қатысты басқа да стратегиялық құжаттарға арқа сүйейтін 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Қа­зақ­стан Республикасын әлеуметтік дамыту­дың Жалпыұлттық тұжырымдамасыжобасын жасасын.  

Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртуды күн тәртібіне бес негізгі басымдықтар бойынша енгізу қажет

1. Әлеуметтік заңнамаларды жаңарту

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда әлеу­мет­тік заңнамалардың ауқымды арқауы құрылды.

Барлық маңызды салалар - білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, азаматтық қоғам институттарының қызметі және т.б. - арнайы заңнамалық актілермен реттеледі.

Еңбек заңнамасы кодталған, құқық шеңберінде тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыс істейді. Сонымен қатар, әлеуметтік-құқық­тық жүйеде проблемалар да бар.

Қазақстанда қолданылатын әлеуметтік заң­на­ма­лардың резервтері жеткілікті деңгейде іске қосылмаған.

Мәселен, «Білім беру туралы» Заңға сәйкес, міне, елі­мізде 9 жылдан бері Біртұтас ұлттық тес­тілеу жұ­мыс істейді. Оны өткізу қоғамда түрліше бағалануда.

Жыл сайын БАҚ-тар лауазымды адамдар тарапынан да, сондай-ақ ҰБТ-ға қатысушылар тарапынан да бұзушылықтар орын алатыны туралы хабарлап жатады. Оның үстіне мәселенің өткірлігі тек күшейе түсуде.

Мұндай жағдайдың себептерінің бірі - тек министрлік белгілеген өткізу ережелері негізінде жүзеге асырылатын ҰБТ процедураларының әлсіз құқықтық реттелуінде.

Сонымен бір мезгілде, ҰБТ өткізу жөніндегі комиссия жұмысына кедергі жасағаны, тестілеу өткізуге оқушылардың ата-аналары, педагогтар, лауа­зымды адамдардың араласқаны, тестілеу ке­зін­де емтихан тапсырушыларға көмектесу мақ­са­тында байланыс құралдарын пайдаланғаны және т.б. үшін құқықтық жауапкершілік туралы ереже жоқ. Ал мұндай фактілер бар екені даусыз! Демек, мұндай жағдайды шешімді түрде түзету керек.

Басқа мысал: 2011 жылы даулар мен жанжалдарды соттан тыс қарауды қамтамасыз ететін «Медиация туралы» Заң қабылданды. Алайда оның резервтерін еңбек жанжалдарын сейілту үшін қолдануға болатындығына қарамастан, медиация­ның жалпыұлттық жүйесін құру жөніндегі нақты шаралар әзірге байқалмайды.

Жекелеген заңдар моральдық тұрғыдан ескірген немесе көрнекілік қана сипаты бар. Осы жағ­дайға байланысты олар қоғамдық қатынастардың кейбір салаларын тиімді реттей алмай отыр.

«Кәсіптік одақтар туралы» Заң 1993 жылы қабылданды. Онда тіпті әлеуметтік әріптестік туралы, ұжымдық шарттарды жасау мен орындау тетіктері туралы түсінік те жоқ. Сондықтан Қазақ­стандағы кәсіподақ институттары еңбек даулары­ның алдын алу және шешудің тиімді құрал­дарының рөлін әр кездері бірдей атқара алмай келе жатқандығына таңқалуға да болмайды.

Жағдайды іштей жақсы түсіне отырып, мен мынаны айтқым келеді: жұмысшылар өздерін лайықты сезінулері үшін кәсіподақтар қозғалысы өз биігінде болуы тиіс.

2004 жылы қабылданған «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңға да көрнекілік сипаты тән. Бұл туралы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының соңғы сессиясы барысында жан-жақты айтқан болатынмын.

Жекелеген заң нормалары заң аясындағы құқықтық актілердің болмауына байланысты немесе олардың орындалуына бақылаудың жетімсіздігі салдарынан жұмыс істемейді.

Мәселен, Еңбек кодексінде жаңа қабылданған қызметкерлер үшін сынақ мерзімі туралы норма бар. Алайда кейбір кезде ол ешбір қисынға сыймайтын жағдайға дейін жеткізіледі. Жоғары оқу орындарын бітірген жастар заңда белгіленген мерзім ішінде «сынақтан өтушілер» есебінде ешбір еңбекақысыз жұмыс істеп қана қоймай, сонымен бірге, оларды тіпті шамадан тыс жұмысқа салу жағдайлары да жиі кездесіп қалады.

Оның үстіне сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін 3-4 сынаққа алынушының біреуі ғана штатқа кіргізіліп, қалғандары шетке қағылады.

Әсіресе, мұндай берекесіз тірлікке мемлекеттік емес мекемелер мен жеке құрылымдар, соның ішінде ірі банктердің филиалдары көбірек барады.

Бұл дегеніміз біздің жастарымызды қанаудың бір түрі емес пе!

Бірақ мемлекеттік еңбек инспекциялары еңбек заңдылығын осылайша айқын бұзудың бірде-бір оқиғасын аша алмай отыр.

Бұл тек жекелеген мысалдар ғана. Мен әрбір әлеуметтік сала өзінің заңдық базасының тиімділігін арттыру үшінелеулі резервтерге ие екендігіне сенімдімін.

Осыған орай тек қазір ғана емес, сонымен қатар, орта мерзімдік перспективада да әлеуметтік заңдарды олардың тиімділігін анықтау мақсатында мұқият тексеру талап етіледі. 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар