Мал шаруашылығына қатысты маңызды жиын

/uploads/thumbnail/20170708195451451_small.jpg

Ауыл шаруашылығына басшылық еткен жылдары Мыңжасар Әдекенұлы құйрықты қой шаруашылығының дамуына, осы ба­ғыттағы жеке шаруашылықтардың маман­дандырылуына және мал шаруашылығы кешендері мен асылдандыру зауыттары­-ның салынуына ерекше көңіл бөлді. Бұл туралы "Қамшы" порталы Айқынға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Белгілі ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Мыңжасар Әдекенов – жеңіл өнеркәсіпте сұранысы үлкен, биязы жүнді, құйрықты қазақы қойлардың отандық жаңа тұқымының авторы. Қарағанды облысы Қарқаралы ауылшаруашылық колледжіне М.Әдекенов есімі беріліп, «Ауыл шаруашылығын дамытудың және ауылға арналған мамандарды дайындаудың өзекті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция барысында белгілі ға­-лым, ауыл шаруашылығының негізін қа­лаушылардың бірі Мыңжасар Әдекенов­тің есімімен аталатын аудиторияның, го­ре­льефтің және «Биязы жүнді қарғалы қой­лары» атты кітабының тұсаукесері өтті. 
Ауыл шаруашылығына басшылық еткен жылдары Мыңжасар Әдекенұлы құйрықты қой шаруашылығының дамуына, осы ба­ғыттағы жеке шаруашылықтардың маман­дандырылуына және мал шаруашылығы кешендері мен асылдандыру зауыттары­-ның салынуына ерекше көңіл бөлді. Об­лыс­тық ауыл шаруашылығы басқарма­сын­да қызмет еткен кезінде өңірдің қой шаруашылығы көрсеткіштері күрт өскен. 
М.Әдекенов өндірістік қызметпен қоса, ауыл шаруашылығы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданды. 1972 жылы Алматы қаласында Қазақ егіншілік шаруашылығы ғылыми-зерттеу инсти­тутында кандидаттық диссертациясын ой­дағыдай қорғап, ауыл шаруашылығы ғы­лымдарының кандидаты деген дәрежеге ие болды. Шаруашылық басшысының күр­делі, тынымсыз әрі сан қырлы жұмыста­-рын атқара жүріп, жас мамандарды дайын­дауға көңіл бөлді. Қарқаралы зоотех­никалық-малдәрігерлік техникумында білім алу­шыларға дәріс оқып, сабақ беруге уақыт тапты және бірнеше жыл қатарынан тех­никумда мемлекеттік қабылдау комиссия­сының төрағасы болды. 
Мыңжасар Әдекенұлы Орталық Қазақ­станның ауылшаруашылық ғылыми-зерт­теу институтында, Қарағанды облысы Нұра ауданының шаруашылықтарында биязы жүнді, құйрықты қазақы қойлардың жаңа қарғалы тұқымымен селекциялық жұ­мыс­тарды басқарды. Ол – жеңіл өнеркәсіпте сұ­ранысы үлкен ақ және ақшыл сұр түсті кі­лем тәрізді биязы жүнді құйрықты қазақы қойлардың отандық жаңа тұқымының ав­торы. Аталмыш шаруашылықтарда жүргі­зілген ғылыми жұмыстардың нәтижесі 20-дан астам мақала, 3 монография болып жарық көрді. 
Республикамыздың ауыл шаруа­шы­лы­ғын дамытуға қосқан үлесі үшін Мыңжасар Әдекенұлы Еңбек Қызыл Ту, үш мәрте Құр­мет белгісі ордендерімен, бірқатар медаль­дармен, Қазақстан Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 
Қазақстан Республикасы Ауылшаруа­шылық ғылымдар академиясы қазақ және орыс тілдерінде жарыққа шығарған «Биязы жүнді қарғалы қойлары» монографиясы Мыңжасар Әдекеновтің көп жылдық ғы­лыми-зерттеулері мен өндірістік жұмыс­тарының нәтижесі болып табылады. Атал­мыш кітапта қазақтың құйрықты биязы жүнді қой тұқымын өсіру тарихы мен әдіс­тері келтірілген, жаңа отандық биязы жүн-ді құйрықты қой тұқымының аймақтық қарғалы типін өсіру және жетілдіру бо­­йынша көпжылдық зерттеулердің нәтиже­лері жинақталған. Қарғалы типті қойлар­дың өсімтал, асылтұқымды және биоло­гиялық қасиеттерінің сипаттамасы, осы күнгі отардың құрылымы, іріктеу және негізгі селекцияланатын белгілер бойын­-ша таңдау қағидалары, кейбір селекция­лық-генетикалық параметрлері келтіріл­-ген. Отарды ары қарай жетілдірудегі се­лек­цияның жолдары мен әдістері көр­се­тілген, қарғалы типті қойларды өсірудегі экономикалық тиімділік сипатталған. Ба­сылым қой өсіру селекциясымен айналы­сатын ғылыми қызметкерлерге, ЖОО сту­денттеріне, сондай-ақ ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне арналған.
Конференция жұмысына Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібе­-ков, ҚР Ауылшаруашылық ғылымдар ака­демиясының президенті, академик Ғани Қалиев, Қазақстан Республикасы Ауыл ша­руашылығы, Білім және ғылым министр­ліктерінің, Ауылшаруашылық ғылымдар академиясының, «ҚазагроИнновация» АҚ, облыстық, аудандық әкімдіктердің, ғы­лы­ми-зерттеу институттары мен колледж­дер­дің, ауылшаруашылық, білім басқар­мала­рының өкілдері, ғылым докторлары мен кан­дидаттары және еңбек ардагерлері қа­тысты.
Конференцияда ауыл шаруашылығы дамытудың қазіргі жағдайына және ауылға мамандарды дайындауға талдау жасалып, ұсыныстар айтылды. Конференцияда ауыл шаруашылығын дамыту және ауылға орта буын мамандарын дайындаудың өзекті ба­ғыттары бойынша республикаға танымал ғалымдар баяндама жасады.
ҚР Ауылшаруашылық ғылымдар ака­демиясының президенті, ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, про­фессор Ғани Қалиев «Мемлекетаралық ин­теграция жағдайындағы Қазақстанның аграрлық саясаты» атты баяндамасында Еуропалық одаққа, Сыртқы сауда бірлес­тігіне ену жағдайында Қазақстанның аграр­лық секторының мәселелері, сондай-ақ ауылшаруашылық өнім өнімділігінің артуы, жайылымдарды игеру туралы, ауылшаруа­шы­лық өндірісті қарқынды негізде тежеп тұрған факторлар жайында, материалдық, еңбек және өзге де ресурстарды тиімді пай­далану мәселелерін қозғады.
Мал шаруашылығы саласында ғылыми және инновациялық жетістіктер туралы Қа­зақ мал шаруашылығы және жем-шөп өн­діру ҒЗИ бас директоры, ауылша­руа­шы­-лық ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мем­лекеттік сыйлығының лауреаты Әбді­рахман Омбаевтың баяндамасында айты­лады.
Қойлардың отандық тұқымдарын да­мытудың заманауи тенденциялары ҚР Ұлт­тық ғылым академиясының корреспон­дент-мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген қайрат­кері, ауылшаруашылық ғылымдарының док­­торы, профессор Төлеухан Садықұ­лов­тың баяндамасында көтерілді.
Астық өңдеу саласының өзекті мәсе­ле­лері Қазақ ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, ауылшаруашылық ғылым­да­рының докторы, профессор Ғайни Сар­ба­сованың «Қазақстанның Агроөнеркәсіп кешенінің астық өңдеу саласының өзекті мәселелері» атты баяндамасында қарас­тырылды. 
Агроөнеркәсіп кешеніне қазіргі заман мамандарын дайындаудың негізгі басым­дықтары туралы ауылшаруашылық ғы­лымдарының докторы, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық универ­ситетінің профессоры Нұрлан Серекпаев баяндады. 
Орталық Қазақстанның дамушы мал ша­руашылығы үшін азықтық базаны жақ­сарту мүмкіндіктерін Қарағанды өсімдік шаруашылығы және селекциялау ғылыми-зерттеу институтының директоры, Қазақ ауылшаруашылық ғылымдар академия­сының корреспондент-мүшесі, ауылша­руа­шылық ғылымдарының кандидаты Рашит Нұрғазиев ортаға салды. 
Қарағанды агротехникалық колледжі­нің директоры Валерий Галунов баянда­масында мектеп – колледж – кәсіпорын сабақтастық шегінде кәсіптік бағдарлау, «Оқу-өндірістік шаруашылықтың» мо­дель­дері – студенттерді мақсатты түрде сала­-лық оқыту, сондай-ақ әлеуметтік се­рік­тес­термен өзара тиімді ынтымақтастық­ты ор­натуды қолға алу керектігін сөз етті. 
 Конференция барысында ҚР Пре­зи­денті 11.02.2015 жылы жариялаған «Қазақ­станда жасалған» акциясы бойынша «Аг­рарлық ғылым мен білім беру жетістіктері» атты көрме ұйымдастырылды. Мұнда отан­дық 6 ғылыми-зерттеу институты мен кол­леджінің ауылшаруашылық өнімдері, жо­балары және макеттері көрсетілді.

Қатысты Мақалалар