«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ «МИРАС» ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

/uploads/thumbnail/20170708195450871_small.jpg

29 қыркүйек күні «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы жанындағы «Мирас» облыстық қоғамдық кеңесінің отырысы өткізілді. Бұл туралы "Қамшы" порталы http://nurotan.kz/-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қоғамдық кеңес – консультативтік орган. Оның негізгі мақсаты -  шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің  идеялары мен күш-қуатын мәдениет пен өнер, кинематография және тарихи-мәдени мұраны сақтау саласындағы  мемлекеттік  саясатты  жүзеге  асыруға бағыттау.

Қоғамдық Кеңес төрағасы: Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы.

Қоғамдық кеңестің  мүшелері  облысымыздың, еліміздің  мәдениеті мен өнерін дамытуға сүбелі үлес қосқан, сонымен қатар, мәдениет саласында  қоғамдық қызметке  белсене атсалысып жүрген азаматтар қатарынан құрылып отыр.

Күн тәртібінде төмендегі сұрақтар қарастырылды:           

1.Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған іс-шаралар;

2.Облыстағы тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің қазіргі жай-күйі.

Облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттандыру басқармасының басшысы Ағымбаев Е.М. айтуынша Қазақ хандығының 550 жылдығы айтулы мерекелердің аясында облыста бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мәселен, «Сарыарқа кітапханасы» сериясымен шыққан 100 томдықтың тұсаукесері өтті. Облыстың аймақтарында шығармашылық кештер, концерттер, айтыстар, ірі фестивальдер, көрмелер және театр қойылымдар өткізілуде.

Облыстағы тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің қазіргі жай-күйі бойынша Ағымбаев Е.М. Қарағанды облысы территориясында 2700 – ден аса  ескерткіш тіркелгенін атап өтті. Жоспарға сәйкес 13 тарихи ескерткішке реставрация жұмыстары жүргізілген (Олар – Медетбай, Матақ батыр, Ақпан, Шоң, Міней қажы, Құлмұхамет Арыстанбайұлы, Шағыр, Зылиха, Шора кесенелері, Бименді Ерденұлының мешіт үйі, Атасу қола және ерте темір дәуірі ескерткіштері, Бесоба және Беласар археологиялық кешендері). 2016 ж. 11 ескерткіште  қалпына келтіру-реставрациялық жұмыстары қарастырылған.

Отырыс барысында    қатысушылар   елімізде бірінші рет Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту ең алдымен, біздің мемлекеттік тұтастығымызды, Тәуелсіздігімізді, Мәңгілік елге бара жатқан сара жолымызды  айғақтайтын,  сондай-ақ, әлемнің  алдында қазақ елінің  тамыры, тарихы, тегі,  мемлекеттік қалыптасу жолы, үлгісі бар деп бағалататын айтулы шара екедігін ерекше атап көрсетті.

 

 

 

Қатысты Мақалалар