Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.
"Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев ұсталғаны расталды. Олар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді" делінген хабарламада.
Антикор мәліметінше, екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Пікір қалдыру