Қытайдың Нинься провинциясының кәсіпкерлері қазақстандық жобаларға инвестиция құяды - Х. Дауров

/uploads/thumbnail/20170708195613755_small.jpg

Қазақстандық дүнген делегациясы Инчуань қаласында (ҚХР) қытай-араб экономикалық ынтымақтастығы форумына қатысты. Бұл туралы Қамшы порталы информ.кз-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Еске салсақ, Нинься-Хуэй автономиялық ауданының Инчуань қаласында 80-нен астам елден және Қытай өңірлерінен 10 мыңнан астам қонақтар қатысқан қытай-араб ынтымақтастығы форумы өтті.

«Форум барысында қазақстандық делегация бірқатар шарттар жасасуға ниет танытты. Бұған Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың маңызды буыны саналатын Қазақстан дүнген қауымдастығы бастамашы болды», - деп мәлімдеді «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне қазақстандық делегация мүшесі «Қазақстандағы дүнгендер қауымдастығы» этномәдени бірлестігі басқаратын «Жаңа жібек жолы» халықаралық академиясы» ҚҚ президенті Хусей Дауров.

Оның айтуынша, Қазақстаннан келген делегация Нинься форумында Маңғыстау облысындағы «Инновациялық өндірістік парк» құрылысы туралы, сондай-ақ Алматы облысындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды.

«Нинься Сауда және өнеркәсіп департаментімен кездесуде қант зауытын салу бойынша Алматы облысымен ынтымақтастық мәселелері, ауыл шаруашылығы өнімдерінің  өндірісі мен оларды қайта өңдеудің озық технологияларына инвестиция құю мүмкіндігі талқыланды. Біздің өңірлердің  ынтымақтастық жобаларын алға жылжытатын іскерлік кеңес құру ұсынылды», - деді сұхбат беруші.

Форум аяқталғанда Нинься-Хуэй автономиялық ауданының вице-губернаторы азамат Ван Хэсан түскі ас берді, соның барысында ол Нинься үкіметінің атынан Қазақстан дүнген қауымдастығын ҚХР мен ҚР арасындағы екіжақты қатынастарды дамытуға қосып жатқан орасан үлесі үшін алғыс білдірді. «2014 жылы Нинься делегациясы Қазақстанға барған, сол кезде Қазақстан дүнген қауымдастығы қытай өкілдерімен жылы кездеу өткізген», - деп атап өтті Х. Дауров.

Орталық Азияда 130 мыңдай дүнген бар, олардың басым бөлігі Қазақстанда, Қырғызстан, Өзбекстанда тұрады. Қазақстан аумағында 50-60 мың дүнген бар, олардың бабалары қытайдың Шэньси, Ганьсу және Нинься  аумақтарының тумалары, олар онда 138 жыл бұрын осы провинцияларда   антициндік көтерілістің қысымынан қашып барған болатын. Жамбыл облысында 35 мыңнан астам дүнген тұрады.

«Бүгінде Нинься - Қытайдың бес ұлттық автономиялық аудандарының бірі, онда 2,5 млн-нан астам дүнген (хуэйцзу) тұрады. Мұнда соңғы жылдары баламалы энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп даму үстінде. ҚХР Үкіметі жергілікті тұрғындар үшін елеулі жеңілдіктер мен артықшылықтар бере отырып, ұлттық автономияның үйлесімді дамуы мен гүлденуіне баса мән береді», - деді ол.

2014 жылы қытай-араб ынтымақтастығы форумының құрылғанына 10 жыл толды, оны құруға негіз болған 22 елді біріктіретін Қытайдың Араб мемлекеттері лигасы (АМЛ ) елдерімен қатынасы болатын. АМЛ халқының жалпы саны 300 млн адамды құрайды, жалпы алаңы - 13,6 млн. шаршы метр. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар