Құрылыс материалдарын шығаруда құлшыныс бар

/uploads/thumbnail/20170708195614458_small.jpg

«Баспаналы болсам» деп талаптан­ғандарға қазіргі таңда жақсы мүмкін­діктер бар. Түрлі мемлекеттік бағдар­ламалар бойынша тізімге тұрып, үйлі бо­лып жатқандардың қатары қазір көбейді. Бұл туралы Қамшы порталы Айқын-ақпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Өз бетінше жер телімін алып үй тұрғызуға талаптанып жатқандар да аз емес. Құрылыс қарқын алу үшін ең басты қажеттіліктің бірі – түрлі құ­рылыс материалдары. Доллардың тең­геге қатысты бағамы құбылуының бұл салаға да кері әсері тигені рас. Деген­-мен, баспана тұрғызуға шындап бет бұр­ған­дар «Мұны уақытша қиындық» деп ұғынып, бастаған істерін әрмен қа­рай жалғастыруда. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та «Нұр­лы жол» бағдарламасында құ­ры­лыс материалдарын өндіруде отандық кәсіпорындардың үлкен мүмкіндігі барын айтып өткен. Тіпті қазақстандық компаниялардың «ЭКСПО – 2017» көрмесі құрылысы нысандарына бел­сене қатысуы керектігін де ескерткен. 
Қазір еліміздің құрылыс индустрия­сы саласында 700-ге тарта өндіріс орын­дары жұмыс істеп келеді. Олардың қа­тары жыл өткен сайын артуда. Де­генмен, мамандар олардың көбі бүгінде тек құ­рылыс материалдарын өндірумен ғана шектеліп отырғанын айтады. 
Отандық құрылыс материалдары­мен қамтамасыз ету үлесінде өсім бар. Бір ғана цемент өндіру бойынша еліміз соңғы үш жылда импорт көлемін 1 мил­лион тоннаға дейін төмендеткен. Яғни сырттан цемент тасу азайып, керісінше отан­дық өнімді тұтыну арта түскен. Инвестиция және даму министрлігі Ин­дустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Тимур Нұрашев «Егер құрылыс материалдары өнеркәсібі туралы, оның ішінде цемент өндірісі жайлы айтар болсақ, онда 2013 жылы 7 миллион тонна, ал 2014 жылы 7,9 мил­лион тонна цемент өндіргенбіз. Биыл 8 миллион тоннадан астам цемент өн­діруді жоспарлап отырмыз» дейді. Құ­ры­лыс саласындағы негізгі материал болып саналатын цемент өндірудің өз елімізде қарқын алуы қуантады. Ресми өкілдің ірі кәсіпорындармен отандық құрылыс материалын пайдалану жө­нінде келісім жасалғанын айтқаны да көңілімізден шығып тұр. Өйткені бұл да болса отандық өндірісшілерді қол­даудың бір амалы екені рас. «Егер құ­рылыс жайында айтар болсақ, бізде өте ауқымды «Нұрлы жол», «Аймақтарды дамыту – 2020» бағдарламалары, «ЭКСПО – 2017» құрылыс нысанда­рына өз құрылыс материалдарымызды жеткізу мақсатында жұмыстар жасап жатыр­мыз. Мысалы, «Нұрлы жол» бағдарла­масы бойынша жолдарға өз елімізде өндірілген 500 тонна цементті, сонымен қатар 130 тонна битумды пайдала­ну­ды ұсынып отырмыз» дейді Тимур Нұ­рашев мырза. Бұл да құптар­лық іс. 
Расымен де, кейінгі жылдары отан­дық құрылыс материалдарының түрі де көбейіп, сонымен қатар оның сапасы да жақсарып келеді. Сапасына мән бер­месе нарықта ойыннан шығып қала­ты­нын бүгінде өндірісшілер толығымен түсінген. Бәсекеге сай болмаса өнімді өткізу қиын екені айдан анық. Оның үстіне өзге елдің анталаған тауар өнді­ру­шілері ішкі нарықтағы бос кеңістікті біле қояды. Өйткені тұтынушы сұра­нысын қанағаттандыру өндірушінің басты қағидасы. 
Инновация және даму министр­лігінің мәліметіне қарағанда, елімізде соңғы бес жылда 13 үй құрылысы ком­бинаты пайдалануға берілген. Өнер­кәсіп орындары 11 облыс пен Астанада орналасқан. Комбинаттар «Қазақстан­ның индустриалдық даму бағдарла­-масы шеңберінде іске қосылған. Жыл сайын бұл өнеркәсіп орындарында мың­даған шаршы метр құрылыс бұ­йымдары өндіріледі. Бұдан басқа 2010-2014 жылдары бес цемент зауыты іске қосылған. Олар еліміздің цемент өн­дірісіне өзіндік үлесін қосып келеді.
Кейінгі жылдары отандық құрылыс саласында металл жабындылары, плас­тикалық терезе мен есіктер жасау жүйе­лі жолға қойылған. Құрылыс ма­териалдарын өндіруге құлшыныс та­нытудың алғашқы оң нәтижелері қа­зірдің өзінде біліне бастады. Қазір це­мент, бетон бұйымдарын, жылу сақта­ғыш материалдар мен пластмасса құ­бырларды өндіруде жергілікті өнеркә­сіп орындары шетелдік әріптестері­нен қалысар емес. Мәселен, 2010 жылы бар болғаны 4,7 миллион тонна цемент өндірілсе, 2014 жылы бұл сан 7,9 мил­лион тоннаға жетіп жығылған. Биыл осыдан бес жыл бұрынғы көрсеткішті екі еселеуге жоспар жасалған. Жүйелі, жоспарлы жұмыс қашанда оң нәти­жесін беретініне тағы да көз жеткізіп отырмыз. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар