Украина президенті Владимир Зеленский елінің күштері Ресей әскерлерінің алға жылжуын бәсеңдеткенін айтты.
Алайда Украина әскерилері соңғы 24 сағатта Ресейдің әуе шабуылы күшейгенін хабарлады.
Зеленский Путинді тағы да кездесуге шақырып, олар кездеспейінше, соғысты тоқтату туралы келіссөздер жүргізу мүмкін еместігін жеткізді.
"Путиннің Украинаға басқыншылығы оны шегінуге де жол қалдырмаған" деп есептейді АҚШ президенті Байден. "Бұл жағдай Путиннің химиялық немесе биологиялық қару қолдану қаупін арттырады" дейді ол.
Пікір қалдыру