Қайта оралған жәдігер

/uploads/thumbnail/20170708195732584_small.jpg

Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қайта оралған жәдігерлер» атты көрме ұйымдастырылып, дөңгелек үстел өтті. Шараға жоғары оқу орындарының студенттері мен тарихшылар жиналды. Бұл туралы Қамшы порталы Айқын-ақпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағ­дар­ламасы аясында Орта Азия мен Қазақ­стан аймағынан табылып алыс, жақын шетел мұрағаттарына өтіп кеткен құжаттардың кө­шірмелері әкелінген.
Бұл құжаттарда Орта Азия және Қазақ­стан­ның  географиялық жағдайы, осы ай­мақтың тарихи-мәдени ескерткіштері, қа­зақ­тардың тұрмыс-тіршілігі, аңыздары, он­дағы тарихи өзгерістер туралы мәліметтер берілген және сол жердің табиғатына жан-жақты ғылыми талдаулар жасалынған. XIX ғасыр мен XX ғасырдың басында батыс ел­дер­дің  зерттеушілері мен саяхатшылары Орта Азия мен Қазақстан аумағына жүргізген ғылыми экспедициясы кезінде түсірген «TURKESTAN» альбомы және «Жетісу»  ес­керт­кіштері атты суреттер топтамасы  ерек­ше орын алады. 
Тақырыпқа орай «Таңбалы мемлекеттік та­рихи-мәдени және табиғи қорық мұра­жайы» өзінің «Тарихтың түпқазығы – Таң­ба­лы» және де «Республикалық кітап мұра­жайы» – «Қазақ хандығына 550 жыл» атты кі­тап көрмелерін алып келді. 
Көрмеде Орталық мұрағат қорындағы құнды құжаттармен қатар, Республикалық кітап музейінде шыққан кітаптар, ертедегі қисса-дастандар, хандар, батырлар туралы жәдігерлер қойылды. Сондай-ақ ата-баба­ла­ры­мыздың тарихы туралы сонау көне за­манда тасқа қашалып жасалған таңбалы тас­­тар, яғни  тастағы суреттер, түрлі бей­не­лер әкелінген. Таңбалы қорық музейінен жет­­кен тарихи жәдігерлер арасында – қабір­лер­ден табылған керамикалар, яғни қыш-құмыралар, жартас суреттерінің көшір­мелері мен кітаптары бар.  
Одан бөлек, Алматы қалалық Орталық мем­­лекеттік мұрағатының директоры Абзал Ботановтың айтуынша, «Мәдени мұра» бағ­дарламасы бойынша Рамазан Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының және мұ­рағат қызметкерлерінің экспедицияға шығуы­мен әкелінген құжаттар көрмеден орын алып отыр. 
Көрмеде 8 стендке 16 плакат қойылған. Бұлар – Ұлыбритания, Франция, Қытай, Мәс­кеу, Санкт-Петербор, Омск қалалары­нан әкелінген құжаттар. Сондай-ақ Қы­тайдың бірінші тарихи мұрағатынан келген құ­жаттар, Ұлыбританияның мемлекеттік кі­тап­ханаларынан әкелінген құжаттар бар, Түркістан альбомы, Сәкен Сейфуллиннің Ом­быда оқыған кезіндегі куәлігі, Нығмет Нұр­мақовтың жеке куәлігі, солардың та­бель­дері бар, сонымен қатар  Абылай  хан­ның дәрі-дәрмек сұратқан хаты, Әбілпейіз Сұлтанның өзін елшілікке ұсынған хаттары, Сянь Лун патшасы сарайында сақталған 33 бағаналы карта бар.  
– Бұл қорда көптеген карталар бар. Та­рих­шылардың айтуынша, бұл карталар бұ­рынғы карталарға қарағанда, «нақты әрі дәл деректер» деп айтылады. «Қайта оралған жә­дігерлер» атты құжатты көрме мен дөңге­лек үстелді ұйымдастыру себебіміз – қор құжаттарын жарыққа шығару. Жалпы, мұра­ға­тымыз үш бағытта жұмыс істейді – құжат­тар­ды жинау, сақтау және пайдалану, – дейді Абзал Ботанов.
Жиынға қатысқан студенттер мен мұра­ғат­шылар жазушы, «Алаш» әдеби сый­лы­ғы­ның лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері На­ғашыбек Қапалбекұлы, әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық  университеті  тарих ғы­лым­дарының кандидаты, доцент Бақыт Нұр­пейісова, Абай атындағы Қазақ Ұлттық  пе­дагогика университетінің профессоры, по­лиция полковнигі Талдыбек Әлиұлы Нұр­пейіс, Абай атындағы Қазақ Ұлттық  педагогика университетінің  кафедра мең­герушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, саясат ғылымының докторы Жомарт Құдай­бергенұлы Симтиков,  Р. Сүлейменов атындағы шығыстану Институтының ғы­лыми жетекші маманы, тарих ғылым­дары­ның кандидаты Нәпіл Базылхан және тарих ғылым­дары­ның докторы, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Пре­зиденттік Мұрағаты директорының орын­ба­сары Әлімғазинов Қайрат  Шәкәрімұлы  дайын­даған баян­да­маларынан қазақ хандығы туралы көптеген мәліметтер алды. 
– Қазақ хандығы тарихының бетін жаңа ғана аштық. Ол – қалың, қатпар-қатпар дү­ние. Мұны кейінгі ұрпақтың санасына құя беруі­міз керек. «Қанша хан болды, несімен ерек­шеленді, дәуірі қандай болды?» деген сияқ­ты нәрселерді айту – біздің парызымыз,  – дейді жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы. 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар