Елде бір күнде 2 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды

    Әсел Болатқызы
    Елде бір күнде 2 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды Фото: novayagazeta.ru

    19 шілдеде Қазақстанда 1959 адамның коронавирусқа тапсырған тесті оң шыққан. Бұл жөнінде денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

    Ең көп жұқтыру көрсеткіші Алматы (597), Нұр-Сұлтан (596) мен Шымкент (105) қалаларында тіркелген. қалған өңірлер бойынша тәулік ішіндегі эпидахуал төмендегідей:

    • Ақмола облысында – 26,
    • Ақтөбе облысында – 21,
    • Алматы облысында – 67,
    • Жетісу облысында – 64,
    • Атырау облысында – 36,
    • Шығыс Қазақстан облысында – 19,
    • Абай облысында – 27,
    • Жамбыл облысында – 57,
    • Батыс Қазақстан облысында – 34,
    • Қарағанды облысында – 160,
    • Ұлытау облысында – 26,
    • Қостанай облысында – 22,
    • Қызылорда облысында – 44,
    • Маңғыстау облысында – 21,
    • Павлодар облысында – 15,
    • Солтүстік Қазақстан облысында – 16,
    • Түркістан облысында – 16. 

    Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, коронавирус жұқтырған 18 адамның жағдайы ауыр.

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025