"22 шілдеде республиканың шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады деп болжанып отыр. Жел күшеюі мүмкін. Еліміздің батыс өңірлерінде жылудың төмендеуі байқалады, Қазақстанның солтүстік жартысында күндізгі температура +23+28°С шегінде болады. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады, тек таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай күтіледі. Ауа температурасының аздап төмендеуіне қарамастан, ол климаттық норма шегінде сақталады" делінген Қазгидромет хабарламасында.
Пікір қалдыру