Қазіргі уақытта құбылмалы геосаяси жағдайда Қазақстанның халықаралық энергетикалық аренадағы әсері күшеюде. Бұл туралы Қамшы порталы Айқынға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Соңғы жылдары еліміз Дүниежүзілік мұнай кеңесі, Халықаралық энергетикалық агенттік, Халықаралық Энергетикалық Хартия және басқалары сияқты әлемдік деңгейдегі беделді мұнай-газ және энергетикалық ұйымдарға белсенді қатысуда. Бұл мәселеде дипломатиялық тәсілдердің маңызы зор. KAZENERGY қауымдастығының басқарма төрағасының орынбасары Жамболат Сәрсенов Қазақстанның дүниежүзілік энергетикалық саясатқа, оның ішінде энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде қаншалықты әсер ететіні туралы өз ойларымен бөлісті. Оның Дүниежүзілік мұнай кеңесінің және Халықаралық Энергетикалық Хартияның қазақстандық ұлттық комитеттерінің жұмысына, ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі жанындағы мұнай-газ секторының мәселелері бойынша жұмыс тобының жұмысына, сонымен қатар Халықаралық Энергетикалық Хартияның Конференциясының жұмысына осы ұйымның төрағасының орынбасары дәрежесінде тікелей қатысуының нәтижесінде, Қазақстан қазіргі уақытта дүниежүзілік энергетикалық нарықтың барлық ірі қатысушыларымен сапалы жаңа қарым-қатынас жасап отыр.
– Жамболат Жәкейұлы, қазіргі әлемде болып жатқан геосаяси процестердегі Қазақстанның рөлі қандай?
– Соңғы жылдары Қазақстан өңірдегі геосаяси жағдайға өзінің әсерін біршама күшейткенін атап көрсеткім келеді. Біз көптеген ірі елдермен және бірінші кезекте ең жақын көршілеріміз – Ресей, Қытай, Әзірбайжан, Иранмен энергетика саласын қоса алғанда, саясат және экономика саласында әрекеттестік жасаймыз.
Өзіңіз білетіндей, биылдан бастап Қазақстан, Ресей және Белоруссия арасындағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енді. Осы жаңа одақ қатысушы елдерді анағұрлым жоғары интеграциялау деңгейіне көтереді. Энергетиканы қоса алғанда, экономиканың басты салаларындағы келісілген саясат жүзеге асырылатын болады. Бірлескен мұнай-газ және энергетика жобаларын іске асыру Қазақстан мен Ресейдің энергетикалық ынтымақтастығын дамыту үшін тағы да бір ынталандыру құралы болмақ.
Біз дүниежүзілік және өңірлік нарықта маңызды экономикалық ойыншы болып табылатын және дүниежүзіндегі экономикасы ірі елдердің бірі Қытаймен энергетикалық қатынасымызды жаңа сапалық деңгейге көтеруді жоспарлап отырмыз. Біздің еліміз ҚХР-мен серіктестігін географиялық көршілестігі есебінен тереңдете алады. Ұлы Жібек жолының бойындағы Экономикалық белдеу жобасының Қазақстан үшін маңызы жоғары. Біз – ашық теңізге шығатын жолы жоқ, бірақ транзиттік аумақ ретінде стратегиялық позициясын нығайту жағынан Еуразия құрылығының ортасында геостратегиялық тиімді орналасқан ірі мемлекеттердің біріміз.
Нұрсұлтан Назарбаевтың таяудағы Қытайға жұмыс сапары Қазақстан-Қытай қатынастарындағы жаңа белес болғаны өзіңізге белгілі. 20 жылдан бері энергетика және ресурс өндіру салаларындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы өзара тиімді негізде дамып келеді. Қазіргі
әлем экономикасы дағдарысқа ұшырап отырған және әлемдік қаржы институттарының инвестициялық мүмкіндіктері біраз азайған жағдайда, өзара қарым-қатынасты жандандыру осы бір күрделі кезең үшін жақсы серпіліс болмақ. Қазақстан мен Қытай басшыларының жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі туралы бірлескен декларацияға қол қоюы, сонымен қатар осы сапар шеңберінде жалпы сомасы 23 миллиард долларға келісім жасалуы – ынтымақтастықты нығайтудың бір көрінісі.
Қазақстанмен сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға деген қытай тарапының тәсілдері шикізат көзіне қол жеткізу мүдделері, Қазақстан нарығының қызықтыратын сегменттеріне қатысуды ұлғайтуға талаптану сияқты негізгі факторларға негізделген. Біз, өз тарапымыздан, Қытаймен қарым-қатынасты ең алдымен, мемлекетіміздің стратегиялық мүддесіне сүйене отырып дамытудамыз.
Осылайша, ЕАЭО құру және Қытаймен ынтымақтастықты дамыту, атап айтқанда Ұлы Жібек жолының бойындағы Экономикалық белдеуге қатысу сияқты геосаяси мега-жобаларды іске асыру ең тиімді әрі стратегиялық маңызы жоғары іс болып табылады. Бұл – қазіргі заманның сын-қатерлеріне, оның ішінде дүниежүзілік экономикалық дағдарыс қаупіне адекватты жауап.
Біз өзара тиімді талаптармен барлық мүдделі тараптармен ынтымақтастық жасауға дайынбыз. Және де осы серіктестікте біз ең жоғарғы нәтижені межелейміз.
– Осы мәселе бойынша Қазақстанның ірі халықаралық энергетикалық институттармен қарым-қатынасы қандай?
– KAZENERGY қауымдастығы өзі қызмет етіп келе жатқан 10 жыл ішінде халықаралық энергетикалық ынтымақтастықта мол тәжірибе жинақтады. Қазіргі күні біз мұнай және газ, электр энергетикасы, баламалы және жаңармалы энергия көздері саласындағы барлық ірі халықаралық ұйымдармен және институттармен жұмыс істейміз.
Мысалы, биылғы жылы Халықаралық энергетикалық агенттіктің атқарушы директоры Мария Ван дер Ховеннің Астанаға жұмыс сапары шеңберінде ХЭА, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі және KAZENERGY қауымдастығы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжатқа Қазақстан энергетикасын тұрақты дамыту мәселелерін алға бастыруда ынтымақтастықты нығайту мақсатында қол қойылды. Сонымен бірге көрмеге байланысты ірі халықаралық шараларға бірлесе қатысу арқылы «Болашақ энергиясы» тақырыбында «EXPO – 2017» өткізуге даярлық та бар. ХЭА Қазақстанға қазба отын түрлері, энергия тұтыну тиімділігі, термоядролық энергия, жаңармалы энергия көздері және салааралық мәселелер бойынша, жұмыс келісімдерін қоса алғанда, энергетикалық технологиялар саласында халықаралық тәжірибе алмасуға көмектеседі. Тұрақты энергетиканы дамыту бойынша шешімдерді, оның ішінде жаңармалы энергия көздерін пайдалану және Қазақстанның «Жасыл көпір» бастамасын алға бастыруға көмек көрсетілуде. Біз бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларына, семинарларға, конференцияларға қатысуға, ақпарат алмасуға, оның ішінде аналитикалық болжамдар және перспективалар бойынша ақпарат алмасуға және энергетиканы дамыту тақырыбындағы материалдарды жариялауға ниет білдіріп отырмыз. Біз ХЭА-ның энергетикалық технологиялар саласындағы көпжақты ынтымақтастық бағдарламасына қазақстандық сарапшылардың қатысуына көмектесетін боламыз. Осы орайда, министрліктің және Қауымдастықтың лауазымды тұлғалары ХЭА-да қысқа мерзімді тағылымдамадан өтуі мүмкін.
Өткен жылы Қазақстан Еуразияның 52 мемлекетін біріктіретін және халықаралық энергетикалық секторда міндеттерді заңмен жүктейтін халықаралық ұйымның жоғарғы басқарушы органы Энергетикалық Хартия бойынша конференцияны басқарды. Біздің еліміз Энергетикалық Хартия бойынша конференцияға жаңа тәжірибеге сай төрағалық еткен алғашқы ел болды. Қарашаның аяғында Астанада конференцияның 25-сессиясы өтті, онда нарықтың ірі ойыншылары транзиттік дәліздерді дамытуға және жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға байланысты мәселелерді талқылады. Қазіргі жаһандық саяси жағдайды ескерсек, бұл – аса маңызды әрі өзекті тақырып.
Бұған қоса, KAZENERGY қауымдастығы Дүниежүзілік мұнай кеңесінің мүшесі болып табылады. Біз IRENA жаңармалы энергия көздері жөніндегі агенттікпен де ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық және оны іске асырып жатырмыз.
Халықаралық деңгейде басқа да бірқатар табысты қарым-қатынастар орнатылды.
– Мұнай және газ нарығы үшін болып жатқан дүниежүзілік күрес күшейген жағдайда және энергия тасымалдағыштың ірі өндірушілерінің қажеттіліктері күн санап өскен сайын Қазақстан қандай іс-қимылдар жасауы қажет?
– Орталық Азия және Қытай өңіріндегі елдердің газ әлеуеті артқан сайын дүниежүзілік тұтынушыларға отын жеткізу бағыттары арасында бәсекелестік те өседі. Қазірдің өзінде қазақстандық табиғи газды экспорттаудың негізгі бағыттары Ресей, Батыс Еуропа және Қытай болып табылады. Біз Батыстың ықпалшаралары алып тасталғаннан кейін Иранға қатысты энергетикалық ынтымақтастықты жандандыруға даярмыз. Иран өкілдері біздің елімізге жіберілетін СВОП-сызба бойынша мұнай жеткізілімдерін қалпына келтіру жөніндегі жоспары туралы мәлім дегені өздеріңізге белгілі.
Жуық арада Қазақстан, Ресей және Белоруссия энергетикалық саланың дамуына әсер ететін интеграциялық процестер шеңберінде Біртұтас экономикалық кеңістікке қатысушы елдер аумағында мұнай және газ жеткізілімі шарттарын табысты тең бөлетін нарықтық қатынасқа бірте-бірте көшеді. Осы орайда, бірінші кезекте ішкі газ тұтыну қажеттілігін қамтамасыз ету қажеттілігі ескерілетін болады. Атап айтқанда, үкімет елдің газ импортына тәуелділігін азайту бағытында жұмыстарды атқарып жатыр. Газ және газ кен орындарын игеру газ жеткіліктілігі жолындағы бірінші қадам болмақ.
Қазіргі уақытта құрамына Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Тәжікстан, Қытай, Моңғолия, Үндістан, Ауғанстан, Түркия және Шри-Ланка елдері кіретін және қатысушы елдердің энергетика мәселелері бойынша бейресми пікірталас алаңы болып табылатын Шанхай Ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Энергетикалық клубының рөлі артуда. Оның жұмысы отын-энергетикалық кешен саласындағы ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған және бұл мәселелер ШЫҰ шеңберіндегі мемлекетаралық, геосаяси және экономикалық қатынастар саласындағы ауқымды мәселелер кешенінде шешілуі тиіс.
Бүгінгі күні еуропалық газ жеткізіліміне нақты азиялық нарық салмақты балама болып отырғаны анық. Мұнда Қазақстан ҚХР-ға ортаазиялық газ жеткізілімін басты сенімді тасымалдаушы болып отыр. Өз кезінде Орталық Азия-Қытай газ құбыры өңірде аса маңызды рөл атқарды. Ол әлі күнге дейін Ресей арқылы Еуропаға газ жеткізуге бейімделген Қазақстанға геосаяси жағдайды өзгерте отырып, Орталық Азия өңірінде маңызды интеграциялық рөл атқаруға мүмкіндік берді. Қазірдің өзінде Қазақстан сенімді тасымалдаушы ұстанымын сақтап қалуы тиіс.
Біз әлемде болып жатқан интеграциялық процестерді ескере отырып, бұдан әрі де дүниежүзілік энергетикалық жүйеге бірігуді белсенді түрде жалғастыра бермекпіз.
– Сіз қалай ойлайсыз, кейінгі онжылдықта энергетикалық «қайта жаңғырудың» негізін не құрауы тиіс? Нарықта оның барлық қатысушыларының мүддесін қорғау мақсатында қандай жаңа ойын ережелері қажет?
– Соңғы жылдардағы оқиғалар дүниежүзілік энергетиканы модельдеудің қолданылып жүрген құралдарының тиімсіз екендігін көрсетті. Бұл құралдардың нәтижесінде, саяси, экономикалық диалогтар қате құрылады және геосаяси бәсекелестік туындайды. Сондықтан менің ойымша, өндіріс және энергия ресурстарын тұтынатын негізгі өңірлерде энергия қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті дүниежүзілік энергетиканы модельдеудің анағұрлым тиімді әрі сапалы құралдарын жасау қажет. Мен ынтымақтастықты әртараптандыру ең оңтайлы тәсіл деп ойлаймын. Дәл осы әртараптандыру моделі мемлекетке дүниежүзілік экономиканың «қайта жаңғыруына» бейімделуге және өзі үшін сенімді даму жолын таңдап алуға мүмкіндік береді.
– Осындай «қайта жаңғыру» тұрғысында Халықаралық Энергетикалық Хартия қандай рөлді атқаруы тиіс?
– Алғашында Энергетикалық Хартия Батыс және Шығыс Еуропа арасындағы энергетикалық әрекеттестік механизмі ретінде құрылған болса, осы жылдың мамыр айының аяғында (оның ішінде Қазақстан да бар) қол қойылған Халықаралық Энергетикалық Хартия (ХЭХ) жаһандық энергетикалық мәселелерді реттеуде мемлекетаралық келісімдердің қолданылу шекарасын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Геосаяси жағдайлардағы ірі өзгерістерге және оған Таяу Шығыс, Қытай елдерінің және басқаларының қызығушылығы артуына байланысты жаңа Хартияны қабылдау қажеттілігі туындады емес пе?!
Еуропалық Энергетикалық Хартияның базалық қағидаттарының (оның ішінде энергетикалық ресурстарға мемлекеттік егемендік, саяси және экономикалық ынтымақтастық, тиімді энергетика нарықтарын дамыту және басқа қағидаттарының) сақталуын және елдердің әртүрлі көзқарастарын – өндірушілер, тұтынушылар және энергия тасымалдаушылардың транзиттеушілердің көзқарастарын жан-жақты бейнелейтін жаңа, көпшілікке бірдей мағынадағы энергия қауіпсіздігі мәселесін енгізуді қамтитын Хартия ережелерінің бір-бірімен байланыстылығының қисыны бар деп ойлаймын.
Халықаралық Энергетикалық Хартияның қатысушысы ретінде Қазақстан үшін халықаралық сауда-саттықты және энергетикалық сектордағы ынтымақтастықты дамыту, мақсатында заңнамалық базаны жетілдіру, көмірсутекті шикізат өндірісін арттыру және мұнай және газ құбырларын жаңарту, энергия сыйымдылығын төмендету, энергия тұтынуға бақылауды күшейту, энергия тиімділігіне қол жеткізу бойынша тұрақты жұмыс істеу басым міндеттердің бірі болып табылатынын айта кеткім келіп отыр. Біз елімізде энергетикалық жобаларды әртараптандыруға қол жеткізуді, яғни инвестицияларды энергетикалық шикізат өндірісіне ғана емес, терең өңдеуге, технологиялық мазмұны жоғары және қосылған құны бар тауарларды шығаруды да тартуды жоспарлап отырмыз.
– Күзде Астанада өтетін Х Еуразиялық KAZENERGY энергетикалық форумының басты тақырыбы жаһандық энергетикалық саясат өзгерістеріне және нарық қатысушыларының бұрынғы қателерін ескеру қажеттілігіне байланысты «Энергетиканың жаңа көкжиегі: әріптестік пен инвестициялаудың тың мүмкіндіктері» деп аталды ма? Осы шараны өткізу барысында сөз болатын негізгі мәселелер қандай?
– Біз тоғыз жылдан бері дүниежүзілік мұнай-газ нарығының ірі ойыншыларына Еуразиялық KAZENERGY форумының алаңында барлық салалық сегменттерді дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға бағытталған диалог жүргізуге мүмкіндік беріп келеміз. Мұнда жаһандық энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолайлы шешімдер жасалады. Алдыңғы жылдары форум тақырыптары сол уақыттағы нарық шындығына сүйене отырып таңдап алынды, олар өткен кезеңде маңызды әрі өзекті болды. Қазіргі форумның бағдарламасы мұнай-газ және энергетика нарығындағы жаһандық трансформацияларды бейнелейді.
Биылғы форум 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өтеді. Бағдарламаны әзірлеу үшін қауымдастық Бағдарламалық комитет құрды, оның құрамына KAZENERGY қауымдастығына мүше компаниялардың өкілдері, салалық мемлекеттік органдардың және ғылыми-зерттеу институтаттарының өкілдері кіреді. Энергетикалық Хартия Хатшылығы, Дүниежүзілік мұнай кеңесі, Мұнайшы инженерлер қоғамы (SPE),IHS жаһандық консалтингілік компаниясы және басқалары сияқты қауымдастықтың ірі халықаралық серіктестерімен кеңес жүргіздік.
Форум форматында негізгі және форум алдындағы шараларды тұтас үш күн бойы жүргізу жоспарланған. Биыл біз қауымдастықтың және форумның өзінің мерейтойын тойлаймыз. Сондықтан біз дәстүрлі форматтан тыс бейстандарты және қызықты шаралар өткізу арқылы осы оқиғаны атап өтуді ұйғардық. Атап айтқанда, Қытай тарапымен бірлесіп Жібек жолының Экономикалық белдеуін құруға арналған мұнай-газ конференциясын өткізу жоспарлануда. Оның тақырыбы: «Еуразия өңіріндегі энергия қауіпсіздігі: жаңа ынтымақтастық механизмі». Дөңгелек үстел мәжілістері ұйымдастырылатын болады. Мысалы, инвестициялық дауларды шешу және жергілікті мазмұнды дамыту мәселелері бойынша. Оған қоса, екі жаңа шара өткізілмек: «Мұнай және капитал: жаңа энергетикалық теңдеулерді шешу» тақырыбындағы интерактивтік пікірталас және «Мемлекеттік реттеу – Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытудың маңызды құрамдас бөлігі» тақырыбындағы бизнес – таңғы ас.
IHS вице-төрағасы, «Өндіру» кітабы үшін Пулитцер сыйақысының лауреаты Дэниел Эргин, БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі және Бәріне арналған жаңармалы энергетика жөніндегі бастаманың бас директоры (SE4All) Канде К.Юмкелла, Жаңармалы энергетика жөніндегі Халықаралық агенттіктің бас директоры Аднан З.Амин, Дүниежүзілік мұнай кеңесінің президенті Йозеф Тот, Халықаралық Энергетикалық Хартияның бас хатшысы Урбан Руснак және басқалары форумның басты спикерлері дәрежесінде қатысатынын қазірдің өзінде растады.
KAZENERGY форумы бұрнағы жылдардағыдай биылғы жылы да қатысушылар өздерінің көкейтесті сұрақтарына жауап ала алатын, энергетиканың көптеген қиындықтарын шешуге батыл қадам жасауға мүмкіндік беретін тиімді диалог алаңы бола алады деп сенеміз. Біз өңірдің энергетикалық секторындағы басты халықаралық оқиға мәртебесін тағы да танытуға