"Халық қаласа, хан түйесін сояды". Көпшілік талабынан соң гүл дүкені қазақша қызмет көрсете бастады

/image/2022/12/15/crop-3_102_841x1495_mycollages-2.jpg

Қазақ тілі төңірегінде тағы да дау. Бұл жолы гүл сататын "Алматы букет" дүкенінің қызметкері Жадыра Аққайыр есімді журналиске "толықтай қазақша қызмет көрсетілмесе, тапсырысымды кері қайтарыңыздар" деген сөзі үшін "сіз аурусыз, сізге емделу керек" деп зекіген.

 

бір немесе бірнеше адам және

Бұны Айгерім Тоқсанбек есімді келесі журналист facebook парақшасына салып, оқиға көпшілік назарын аударды. Желі қолданушыларының бірі болған оқиға бойынша құзырлы мекемеге шағым түсіру керегін айтса, бірі дүкеннен гүл сатып алмай, бойкот жариялауға шақырды. Енді бірі дүкеннің өзіне хабарласып, наразылық таныту керек деп жатты. Біраз адам кейінгі ұсынысты іліп әкетіп, дүкеннің желідегі парақшалары мен Whatsapp нөмеріне наразылық білдіре бастады.

Дүкен басында шағымданушыларды елемегендей болып, instagram-дағы өздері туралы жазылған жағымсыз пікірді өшіріп, пікір иесін бұғаттап отырған.

Алайда қазақтілді азаматтардың шағымы толассыз жалғасып, ақыры дегеніне жетті.

Дүкен әкімшілігі алдымен қызметкері ренжіткен журналистен, артынша Instagram арқылы көпшіліктен кешірім сұрады. Instagram парақшадағы ақпараттарды қазақшалап, Whatsapp ботты екі тілде жауап беретіндей етіп өзгертіп қойды. Whatsapp арқылы қазақша қызмет көрсетуді сұраған клиентке жылы ғана қазақша жауап қатып, сұрағанын беретін болды.

«Әлеуметтік желіде шулағаннан кейін парақша қазақшаланды. Уатсапта бот та екі тілде жауап беретін болды, құрбыма кешірім сұрап хабарласты. Бірақ бірден емес. Бірінші қазақша талап еткен пікірлерді өшіріп тастап отырды, одан кейін қазақша талап еткен адамдарды блокқа салып отырды. Жаңағы менеджерді қазақ емес, кәріс деп, қазақша түсінбейді деп бір қорғады. Одан кейін оны жұмыстан шығарып жібердік деп, тағы бір айтты. Сөйтсе ол кәріс емес, өзіміздің Салима екен) Сонда да адамдар талап етуін тоқтатпаған соң ғана қазақша "сөйлей" бастады. Кеңестеріңізге, қолдауларыңызға және көмектеріңізге көп рахмет!» деп журналист тұтынушылар құқығын қорғауға бір болып жұмылған жұртқа алғыс білдірді.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар