Елбасы сөзін жаһан жұрты жылы қабылдауда

/uploads/thumbnail/20170708200104980_small.jpg

Басқа басылымдардан

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзі мен онда айтылған ұсыныс-пікірлері шетелдік саясаткерлер мен сарапшылар назарынан тыс қалып жатқан жоқ. Елбасы сөзін аяқтап болған бойда әлемнің көптеген елдерінің бұқаралық ақпарат құралдары күн тәртібіндегі мәселелерге орай онда көтерілген ұсыныстар мен білдірілген пікірлер жөнінде ақпарлар тарата бастады. Біз бүгін солардың бірқатарына кезек бергелі отырмыз.

 

Жаңа әлемдік валюта жаңаша дамуға серпін береді

Жаңа әлемдік валюта жаңаша дамуға серпін береді

_лента-руҚазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бас Ассамблеяда сөйлеген сөзінің барысында БҰҰ-ға мүше мемлекеттер өздерінің күш-жігерлерін ұлттыққа жатпайтын бүкіл ғаламдық жаңа валюта жасау үшін жұмылдырулары керек екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл қадам кең ауқымды тұрақты даму мен гүлденудің мақсаттарымен және міндеттерімен ұштастырыла жасалуы тиіс.

Қазақстан лидері негізгі идеясы барлық халықтар ғаламдық инфрақұрылымға, ресурстар мен рыноктарға тең дәрежедегі қолжетімділікке жеткен кезде қолданылатын «әділдік жағдайындағы» жаңа әлемдік даму тенденциясын іске қосу болып табылатын 2045 жылға дейінгі кең ауқымды стратегиялық жоспарды талдап жасауға шақырды.

Назарбаев БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесін Жаһандық  даму кеңесі етіп қайта құруды ұсынды. Оның айтуынша, сонда кеңес жұмысына БҰҰ-ға мүше мемлекеттер, БҰҰ-ның барлық арнайы агенттіктерінің жетекшілері, сондай-ақ Халықаралық валюта қоры қатыса алар еді. Қазақстан Президентінің пікірінше, бұл кеңес кіріспесінде бүкіл әлемдегі экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған кең ауқымды жобаларды экономикалық жағынан реттегіш бола алады.

Оның айтуынша, бұл қадам ғаламдық дағдарыстар тәуекелін айтарлықтай азайтуға септігін тигізеді, мемлекеттердің өз ұлттық экономикалық және әлеуметтік стратегияларын жүзеге асыруларына көмектеседі.

Үлкен Еуразия идеясы төңірегіне топтасу келешек үшін керек

01012015 (1)Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ саммитінде сөйлеген сөзінде елдерді Үлкен Еуразия идеясы төңірегіне бірігуге шақырды. Ол сондай-ақ республиканың кең ауқымды даму ісіне барлық күш-жігері мен ресурстарын жұмсайтынын мәлімдеді.

БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі саммиті барысында кездесуге қатысушылар 2015 жылға дейінгі дамудың негізгі мақсаттары мен міндеттері түсірілген Мыңжылдықтар Декларациясын орындаудың нәтижелерін талқылады.

Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті онда елдің Мыңжылдықтар дамуының сегіз мақсатын жүзеге асыру бағытында айтарлықтай табыстарға жеткенін атап өтті.  Назарбаев соның ішінде Қазақстанның мемлекеттілік негіздерін нығайтып, азаматтық қоғам дамуының шарттарын жасап шыққанына назар аударды. Бұдан басқа, республиканың жалпы ішкі өнімі 19 есеге өсіп, жан басына шаққандағы табыс 13 мың долларға жетті. Мемлекет басшысы сондай-ақ денсаулық саласындағы оң көрсеткіштерді атап көрсетті: қазақстандықтардың орташа жас ұзақтығы 71-ден асып түсті, кедейлік 11 есеге азайып, 34 пайыздан 3 пайызға төмендеді, бала мен ана өлімі 65 пайызға дейін кеміді, СПИД, безгек және өкпе ауруларымен күресте атап айтарлықтай жетістікке қол жетті.

Қазақстан Президенті республиканың парникті газдың ауаға тарау көлемін қысқартып, планетаның биологиялық әркелкілігін сақтауға атсалысып келе жатқанын айрықша атап өтті. «Біз «жасыл» экономикаға көшудің ұлттық тұжырымдамасын бекіттік. Жойылып бара жатқан Арал теңізі тек біздің аймаққа ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемге қауіп төндіреді. Оның құрғауы салдарынан жыл сайын 75 миллион тоннаға дейінгі шаң-тозаң мен улы тұз ауаға көтеріледі. Олардың іздері қазір Еуропа мен Антарктидадан да табылып жатыр. Бізге Бүкіләлемдік банктің қолдауымен Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтірудің орайы келді. Біз бұрынғы Семей ядролық полигоны  аймағының залалын жою БҰҰ-мен және халықаралық қоғамдастықпен белсенді жұмыс жасасып келеміз. Орталық Азия елдері аймақтағы аталған экологиялық апатпен күрес үшін жәрдем күтеді», – деді Мемлекет басшысы.

Назарбаев жиналғандар назарын Қазақстанның біздің планетамыздың дамуы жөніндегі кең ауқымды құжатты қолдайтынына аударды. «Тұрақты даму мақсатын қабылдау ел және әлем халықтары үшін бұрылысты кезеңнің орын алатын кезін білдіріп отырады. Біздің саммитіміздің қорытынды құжаты шын мәнінде Жердің дамуы мен гүлденуінің кең ауқымды жолбасшысы болып табылады. Мақсаттарды жүзеге асырудағы негізгі жауапкершілік ұлттық үкіметтерге жүктеледі», – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы БҰҰ-ның жаңа құжаты мақсаттары мен бағыттарының Қазақстанның басыңқы бағыттары мен міндеттеріне толық сәйкес келетінін атап өтті.

«Мақсаты республиканы әлемнің үздік дамыған 30 елінің қатарына енгізу болып табылатын «Қазақстан-2050» Стратегиясы біздің қазіргі заманғы шақыруларға берген жауа­бымыз іспеттес. Біз бұл күндері «Бес институттық реформа. Ұлт жоспарын» жүзеге асырып жатырмыз. Ол мемлекеттік аппаратты жаңғыртуға, азаматтық және құқықтық институттар жұмыстарын жетілдіруге, экономиканы одан әрі индустрияландыруға бағытталған. Ұлы Жібек жолы экономикасын қазіргі заманғы деңгейде жаңғырту Еуразия елдері үшін маңызды болып табылады. Бұл Азия-Тынық мұхит аймағының Еуропаға транзиті жолын қысқарту арқылы көптеген елдердің игілігіне қызмет етеді. Біз оның енді инфрақұрылымын жасап, Тынық мұхит пен Еуропаны және Таяу Шығысты жалғастыратын темір жолдар мен автомобиль трассаларын салып жатырмыз», – деді Назарбаев.

Назарбаев БҰҰ-ға мүше елдерге жыл сайын қорғаныс бюджетінің 1 пайызын БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі арнайы қорына аударып тұруды ұсынды

01012015 (2)Назарбаев Нью-Йоркке БҰҰ Бас Ассамблеясы 70-сессия­сының жұмысына қатысу үшін келді. БҰҰ саммиті барысында 2015 жылдан кейінгі кезеңдегі даму саласы турасындағы күн тәртібі бойынша сөйлеген сөзінде ол әртүрлі елдердің даму деңгейлерінің біркелкі емес екеніне тоқталды.

«Кереғар көріністер Таяу Шығыс, Африка және Азия елдеріндегі жанжалдар салдарынан одан бетер тереңдей түсуде. Қазіргі көші-қон дағдарысы тек соғыс қимылдарымен ғана байланысты емес, ол сонымен қатар даму тепе-теңдігінің болмауынан да туындап отыр.

XXI ғасыр мемлекеттердің табысты болғанын олардағы қару-жарақ қорының көптігінен емес, елдердің озық ойларды жүзеге асыру қабілеттері мен өзіне жұртты тарту кеңістігін жасай алуынан көрінеді», – деді Назарбаев саммитте.

«Стокгольмнің әлем проблемаларын зерттеу институтының дерегіне сәйкес, 2014 жылы барлық мемлекеттер әскери шығындарының жиынтық мөлшері 1,7 триллион долларды құраған немесе әлемдік жалпы ішкі өнімнің 2,3 пайызына тең болған», – дегенді қосты бұған Назарбаев. Осыған байланысты Қазақстан лидері жыл сайын әрбір мемлекеттің өз қорғаныс бюджетінің 1 пайыздық мөлшерін БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаты үшін құрған арнайы қорына аударып тұруы жөнінде ұсыныс білдірді.

Қазақстан Президенті бүгінгі күнгі шаралардың баршаға ортақ болашақ үшін бірігуге үлкен мүмкіндіктер беретінін атап өтті. «Біздің қолымыздан келетіні – адамдардың үміттерін қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен түрлі шақыруларға соқтықтырып, құртып алмау», – деп сөзін қорытты ол.

Лаңкестерге қарсы күрестің өз ережесі болуы тиіс

01012015 (4)Әлемге лаңкестер мен экстремис­терге қарсы іс-қимылдың әмбебап әрі міндетті ережелері қажет. Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясы аясындағы Зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы күрес жөніндегі саммитінде сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

«Әлемге лаңкестер мен экстремистерге қарсы іс-қимылдың барлық мемлекеттер үшін әмбебап әрі міндетті нормалары мен ережелері қажет. БҰҰ аясында экстремистік және лаңкестік құрылымдар түсінігін біріздендіру, оларды әлемдік заңнан тысқары деп жариялау құқығын тек Қауіпсіздік кеңесіне беру керек. Лаңкестік ұйымдардың бірыңғай тізбесін құру маңызды», – деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет  басшысы халықаралық лаңкестік пен экстремизм қылмыстарына қатысы бар тұлғаларды іздеу және экстрадициялаудың бірыңғай механизмі қажет екендігін атап өтті. Оларға қолдау көрсететіндерге қатысты дәл сондай қатаң санкция қолданылатындығын нақты бекіту керектігін баса айтты.

«Зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы іс-қимылда тек оның салдарымен ғана күреспей оның бастапқы себептерін жою қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде әлем елдері өздерінің біріккен күш-жігерін жұмсауы тиісті бірқатар бағытты атады. «Біріншіден, терроризмді жаһандық қатер ретінде тану қажет. БҰҰ-ның лаңкестікке қарсы коалициясын құру, Зорлық-зомбылық экстремизмі мен лаңкестік қылмыстарын жасауға қатысы бар тұлғаларды іздеу, ұстау және эстрадация­лау іс-қимылының бірыңғай тетігін әзірлеу керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Екіншіден, Қазақстан Президенті БҰҰ аясында Зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы тұруға бағытталған барлық қарарлар мен шешімдерді ұсыныс сипатынан міндеттейтін сипатқа көшіру қажеттігін баса айтты.

«Олар Қауіпсіздік Кеңесі деңгейінде қаралып, бекітілуі тиіс. 2006 жылы қабылданған БҰҰ-ның террорға қарсы Жаһандық стратегиясының негізгі ережелерін Қауіпсіздік Кеңесінің қарарымен бекіту қажет», – деді ол.

«Вашингтон мен Мәскеу адамзат өркениетіне қауіп төндіретін лаңкестікке қарсы күресте біріге алатындығына үміт артамыз», – деді келесі кезекте Қазақстан басшысы.

«Зорлық-зомбылық экстремизмі халықаралық лаңкестіктің өсіміне себепші бола отырып, әлемдегі барынша қатерлі қауіптің біріне айналды. Біздерге жаңа әлемдік бәтуаластық қажет. Мемлекет саяси ерік-жігер танытып, ортақ қауіп-қатерге қарсы күш біріктіруі тиіс. Әлем мұны Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде  жасай алған еді», – деді Президент.

Елбасы әлем елдері өздерінің бірлігін 2001 жылдың 11 қыркүйегінен кейін паш еткенін, 2013 жылы Сириядағы химиялық қару-жарақты жою жөнінде ынтымақтастыққа уағдаласқан Вашингтон мен Мәскеудің жаһандық жауапкершілігіне куә болғанын атап өтті.

«Биылғы жылдың шілдесінде Иранның ядролық бағдарламасы бойынша тағдырлы келісімге қол жеткізілді. Жетекші державалар өздерінің ағымдық алауыздықтарынан жоғары тұра алды. Бүгінгі күні де біз олар барша адамзат өркениетіне күрделі қатер төндіретін лаңкестікке қарсы күресте біріге алатындығына үміт артамыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

АҚШ Президентімен кездесуде келелі ойлар қозғалды

01012015 (3)Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сейсенбі күні Нью-Йоркте АҚШ Президенті Барак Обамамен кездесті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обама өңір дамуы тұрақтылығы мен қауіпсіздігіндегі Қазақстан мен АҚШ әріптестігінің маңызын атап өтті.

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары сауда-экономика, инвестиция және отын-энергетика салаларындағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады.

Сонымен қатар, Қазақстан мен АҚШ көшбасшылары күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обама Қазақстан мен Американың серіктестігі өңірдің дамуын, тұрақтылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін  маңызды екенін атап өтті.

Барак Обама өзінің президенттігі кезінде АҚШ пен Ресейдің арасындағы қалыпты қарым-қатынасты қалыптастырып кеткісі келеді. Бұл туралы Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясы аясындағы Зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы күрес жөніндегі саммиті барысындағы брифингінде мәлімдеді.

«Маған Ресей президенті мен Құрама Штаттар президентінің кездесіп, өткір мәселелерді талқылағаны ұнайды. Обама мырза мені өздерінің Украина мәселелері, Сирия мәселелері бойынша жүргізген әңгімелерінің қорытындысымен таныстырды. Әңгімеміз барынша ашық болды, деді ол. Қалай дегенде де, маған Обама мырзаның айтқанындай, кездесудегі ашық, адал жүрген әңгімеге риза болған. Ол: «Мен Ресейдің позициясын түсіне бастадым, енді біз бірге жұмыс жасайтын боламыз», – деді. Оның президенттік уақытының аяқталуына бір жарым жыл қалды, осы аралықта Құрама Штаттардың Ресеймен қалыпты қарым-қатынас орнатуға күш салатыны мен үшін қуанышты», – деді Назарбаев.

БҰҰ штаб-пәтерін Астанаға да көшіруге болады

01012015 (5)Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерін Астанаға да көшіруге болады. Қазақстан журналистеріне сұхбат берген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

«Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының шақыруымен мен ұйымның 70 жылдығына арналған саммитіне қатыстым. Негізгі сессияда, пікірталастар барысында Қазақстанның барлық саяси және экономикалық мәселелердегі ұстанымын айттым. Мұнан бөлек, тағы 2 саммитке қатыстым. Оның бірі – экстремизммен, лаңкестікпен күрес мәселелері жөнінде, екіншісінде 2015-2030 жылдар кезеңіне арналған БҰҰ бағдарламасы бекітілді. Барлық үш талқылауға қатыстым. Мұнан бөлек, көптеген елдердің басшыларымен кездесу мүмкіндігі болды. Оның ішінде қазір ғана мен Америка президенті Барак Обамамен сұхбаттастым», – деді Елбасы.

Мемлекет басшысы  жалпы пікірталас барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік кеңесін Жаһандық даму кеңесіне айналдыру, Ұйымының жүз жылдығына Жаһандық Стратегиялық Бастама – 2045 жоспарын әзірлеу бастамаларын ұсынғанын атап өтті. Сондай-ақ, Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерін Азияға көшіру мәселесін ойластыруды ұсынғанын айтты.

«Егер көшіру туралы шешім қабылданар болса, онда Біріккен Ұлттар Ұйымында 40 мың шенеунік жұмыс істейді. Олардың қайда жұмыс істейтіндігін, немен айналысатындығын қазір ешкім білмейді. Тек жалақыға ғана 5,5 млрд. доллар шығындалады. Олардың елорданы Алматыдан Астанаға көшіру барысындағыдай серпілуі үшін мен (штаб-пәтерін) Азияға көшіруді ұсындым. Азияда дамып келе жатқан Шанхай, Сингапур, Сеул, Астана бар. Қай қалаға көшірілетіндігін, әрине, ойластыратын, талқылайтын болады. Бұл қарапайым мәселе емес», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Қамшы" сілтпейді

Дереккөз: Егемен Қазақстан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар