Қаматай Дінмұхаммед: Билік әлі Қаңтарды түсінген жоқ

/image/2023/04/09/crop-52_37_616x1096_1669794000_news_b.jpg

Бүгінгі Алматыда өткен митингте жас белсенді Қаматай Дінмұхамед биліктің Қаңтар оқиғасын әлі түсінбегенін айтты. 

"Осы алаңда Қаңтардың бірінші түнінен бастап соңына дейін болған 20 азаматтың бірімін. Қаңтардың не үшін болғанын билік әлі түсінбегенін көріп тұрмын. Өйткені Қаңтардың басты себебі – жоқшылық. Қаңтардың соңғы түні "бізді атып-өлтіреді" дегенде 300 қазақ қалды. Мен әрбірінің әңгімесін тыңдадым. Өйткені қазақтың жұмысы жоқ. Отбасының алдына қоятын тамағы жоқ, жағдайы жоқ. Жұмысқа тұрайын десе "көкесінің не баласының" орны. Билік осыны әлі күнге дейін түсінбегені өкінішті", деді Қаматай Дінмұхаммед. 

Сондай-ақ ол билік Қаңтар оқиғасының түпкі себебіне үңіліп, түсінбейтін болса мұндай қайғылы оқиғалар қайталанатынын ескертті. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар