"Жаманқұловтың кегі": Арыстанбек Мұхамедиұлының сот отырысы қалай өтті?

/image/2023/04/17/crop-48_8_297x528_arik.jpg

17 сәуірде бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды. 

Алайда Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанадағы ауа райының қолайсыздығына байланысты сот залына әкелінбей, сот процессіне онлайн қатысты. Экс–министрдің адвокаты сот отырысын түстен кейін немесе ертеңге ауыстырып, бәрін офлайн қатыстыруды, Мұхамедиұлын үйқамаққа ауыстыруды сұрады. Алайда сот адвокадтың өтінішінен бас тартты.

Еске сала кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлы 2022 жылы мамыр айында қамауға алынған. Жемқорлықпен күрес қызметі оны бастапқыда "бюджеттің 146 миллион теңге қаржысын жымқыруға қатысты" деп айыптап, тоғыз айдан кейін ол сома 221 миллион 411 мың теңгеге жеткен.

Бұрынғы министр қамалғаны туралы ақпарат шыққан соң, әлеуметтік желіде президентке үндеу жарияланған. Үндеуде бұрынғы шенеунік тағылған айыпты жоққа шығарып, оны "өзіне қақпан құрып жүрген кейбір адамдардың ісі" деп бағалаған. Адвокат бүгін бұл жөнінде де айтып, "кек алушы" деп әртіс Тұңғышбай Жаманқұловты атады. 

Сонымен қатар, Арыстанбек Мұхамедиұлы 2022 жылы ұсталған уақытта өзіне қол жұмсамақ болғаны да айтылған еді.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар