Қытай Қазақстанға 21 млрд доллар инвестиция салған: Елде қандай өзгеріс болады?

/image/2023/05/17/crop-140_47_921x1638_2022_09_05_alem-0609.jpg

Биыл Қытайлық инвесторлар Қазақстанда алты жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта құны 2,3 миллиард доллар болатын тоғыз жоба жүзеге асырылып жатыр.

Биыл алты нысан іске қосылуы мүмкін. Бұл жобалардың жалпы құны 362,5 миллион долларды құрайды. Қалған үш нысанды қашан ашылатыны белгісіз. Сондай–ақ, департамент тағы 18 ұсыныс әзірлеп жатқанын айтты.

"Қазақстан–Қытай өнеркәсіптік–инвестициялық жобаларының тізіміне жалпы құны 21 миллиард доллардан асатын 52 жоба кіреді", – деді СІМ.

Еліміздің 11 өңірінде Қытай компанияларының инвестиция салуымен жаңа нысандар іске қосылады. Олар:

♦Ақмола облысында 2024 жылы төрт энергетикалық жоба жұмысын бастайды. Жобаның жалпы құны 52,3 млрд теңгені құрайды. Облыста қуаттылығы 100 МВт, 50 МВт, 39 МВт және 17 МВт болатын ЖЭС іске қосылады.

♦Ақтөбе облысында 4,9 млрд теңгеге бұрғылау қондырғылары өндірісі қолға алынады. Өндірісті іске қосу биылға жоспарланған. Қытайлық инвесторлар Алматы облысындағы вольфрам кен орындарын да игергісі келеді. Сондай–ақ, жоба аясында тау–кен байыту комбинатын салу жоспарлануда. Нысан 2024 жылы пайдалануға беріледі. Жобаның жалпы құны 122,4 млрд теңгені құрайды.

♦Шымкентте Қытайлық инвесторлар 2024 жылы 25 миллиард теңгеге металл сынықтарын өңдейтін зауытты іске қосуға көмектеседі. Ал 2025 жылы мегаполисте көпсалалы аурухана мен клиникалық диагностикалық орталық салынып, пайдалануға беріледі. Жоба құны–142,8 млрд теңге.

♦Жамбыл облысында биылғы жылдың соңына дейін 49,4 млрд теңгеге жел ЖЭС салынады. Сондай–ақ, қытайлықтар өңірде мырыш–қорғасын қалдықтарын өңдейтін кәсіпорын ашуға ниет білдіріп отыр. Жоба құны–10 миллиард теңге.

♦Жетісу өңірінде 330 миллиард теңгеге индустриялды парк іске қосылады. Ал 2024 жылы керамикалық плиталар жасайтын зауыт салынбақшы. Бұл жобаға 2,1 млрд теңге инвестиция құйылған.

♦Қарағанды облысында жыл соңына дейін жарылғыш заттар өндірісі жұмысын бастайды. Қытай инвестициясы тартылған нысан 9 млрд теңгеге бағаланып отыр. Сонымен қатар, облыста келер жылы 3 млрд теңгеге жүк көліктерін шығару да қолға алынбақ.

♦Қызылорда облысында қытайлық инвесторлардың қаржыландыруымен төрт жоба іске асуы мүмкін. 2024 жылы натрий гидрокарбонатын өндіру басталады. Бұл өндірісті іске қосу 145 млрд теңгеге бағаланып отыр. Ал 2026 жылы 64 млрд теңгеге смартфондар мен планшеттерге арналған ультра жұқа шыны өндірісі жолға қойылмақ. Дәл сол жылы 15 млрд теңгеге титан өндіретін тау–кен байыту комбинатын іске қосу да жоспарланып жатыр. Одан кейін сүт өнімдерінің өндірісі жұмысын бастауы мүмкін. Жоба құны–2,5 млрд теңге.

♦Маңғыстау облысында биылғы жылдың соңына дейін құны 30 миллиард болатын су тұщыту зауыты іске қосылады. Ал Ақтауда Еуразияға тауар тасу тізбегінің базасы пайда болуы мүмкін. Бұл жоба 8,4 млрд теңгеге бағаланып отыр.

♦Түркістан облысында 2024 жылы 157,5 миллиард теңгеге инновациялық кешен пайдалануға берілмек.

♦Ұлытау өңірінде 66,5 млрд теңгеге электролиттік марганец өндірісі қолға алынады. Бұл жоба 2026 жылы іске қосылады.

 

Дереккөз: lsm.kz

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар