Алматыда наразылық акциясын өткізген кино режиссерлеріне айыппұл салынды. Бұл туралы 17 мамырда өткен баспасөз мәслихатында режиссерлердің өздері мәлімдеді.
Акцияға қатысқан сегіз адамға 70–170 мың теңге аралығында айыппұл салынған, деп хабарлады Азаттық радиосы. Полиция наразылыққа шыққандарды заңсыз митинг өткізді деп айыптаған.
"Олар маған кеше қоңырау шалды. Сол кезде наразылыққа шыққандардың барлығына рұқсат етілмеген митинг өткізгені үшін деп айыппұл салды. Бірақ бізде бұл митинг емес, жай ғана наразылық акциясы болды. Біз саяси талап қойған жоқпыз, өндірістік мәдени талап қойдық", – деді "Ata production" студиясының жетекшісі Ғали Мырзашев.
Еске сала кетейік, өткен аптада бірқатар режиссерлер мен сценаристер мемлекеттік кино орталығына жиналып, байқау қорытындысына наразылық білдірген еді.
Пікір қалдыру