Бішкекке жақын ауылда атыс болған. Министрлік қарулы террористің қаза тапқанын хабарлады

/image/2023/05/17/crop-3_36_671x1192_64646a4ee802c701520284.jpg

Қырғызстандағы Дмитревка ауылында атыс болып, 2 адам зардап шекті деп хабарлайды 24.kg. Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі арнайы операция барысында қарулы террористің жойылғанын ресми түрде мәлімдеді. 

"Террористтің көзі жойылды. Оқиға орнында ІІМ және ҰҚК басшылары бар. Қазіргі уақытта ІІМ жедел-тергеу тобы жұмыс істейді. Толығырақ ақпарат сәл кейінірек беріледі", делінген министрліктің ресми хабарламасында. 

Жергілікті БАҚ-тың дерегінше арнайы операция кезінде 2 қызметкер жарақат алған. Жарақат алғандардың бірі ауруханаға жатқызылды. Атыс ауылдық кеңес пен әйелдер медресесінің ғимараттары арасында болғандығы анықталды. Студенттер эвакуацияланды және тұрғындардың арасында зардап шеккендер жоқ.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар