Әлеуметтік желіде Алматы полиция департаментінде полицейдің қаза тапқаны туралы ақпарат таралуда. Аталған ақпаратта қайғылы оқиғаның 5 маусымда болғаны жазылған.
Посттағы сержант абайсызда өз әріптесінің басынан қыметтік қарумен оқ атқан. Алған жарақаттан соң полицей оқиға орнында қаза тапқан. Куәгерлердің айтуынша, полицейлер арасында ешқандай жанжал орын алмапты.
"Бүгін, 5 маусымда полиция қызметкері әріптесіне қызметтік қарумен абайсызда оқ атты. Ауыр жарақат алған полиция қызметкері оқиға орнында қаза тапты", деп хабарлады полиция департаменті.
Пікір қалдыру