«Сүлейменшілер» деген кім? Діни ағымның Қазақстанға келу тарихы

/image/2023/08/07/crop-45_7_248x441_569d78ac-4d20-4ca5-ab07-17da739949ba.jpeg

Соңғы уақыттары интернет кеңістікте «сүлейменшілер» діни ағымына қатысты бірқатар ақпараттар таралып, қоғам ішінде қызу талқыға түсуде. Атап айтқанда, бұл діни ағым елімізде «Жібек жолы» қайырымдылық мекемелер қауымдастығымен байланыстырушылар қатары көп. Ал, бұл ұйымға қарасты мекемелердің біріне Алматы қаласы Полиция департаментімен қылмыстық іс қозғалғаны бәрімізге мәлім.

Сонымен, «сүлейменшілер» кім болды және олардың мақсаты қандай деген сұрақ туындары сөзсіз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты muftyat.kz сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек «сүлейменшілер» өздерін сопылық Нақышбанди тариқатына жатқызатын «сүлейменшілер» жамағаты қазіргі Болгарияның Дунай (Туна) өзені бойындағы Силистире аймағында дүниеге келген Сүлеймен Хилми Тунахан (1888-1959) атымен аталады.

1959 жылы Сүлеймен Хилми Тунахан дүниеден өткеннен кейін оның жолын шәкірттері жалғастырды және олар «сүлейменшілер» деп атала бастады. Сүлейменшілер жамағаты тарапынан Түркияның көптеген қалаларында, сондай-ақ Германия, Франция, Ресей, АҚШ, Голландия, Швеция секілді мемлекеттерде Құран курстары ашылады. Сүлейменшілер Түркияда пайда болған түрікшіл ұлтшыл діни ағым болып саналады.

1978 жылдың 1 қарашасында Түркияның «Дюнья» газетінде жарық көрген басылымда сүлейменшілер түркиялық мүфтиятқа қарсы тұрған, ресми дінбасыларын «шайтанның әскері» деп атаған секта ретінде көрсетілген.

Сүлейменшілер ХХ ғасырдың 80-жылдарында Түркияда саяси күшке ие болған «Әділет» партиясынан қолдау табу мақсатында осы партия мүшелері арасында құпия түрде белсенді уағыз жүргізген.

1980 жылғы Түркиядағы мемлекеттік төңкеріске дейін ағымның көшбасшысы Кемал Качар (Сүлеймен Тунаханның күйеу баласы) «Әділет партиясынан» Парламент депутаты болған. Сондай-ақ түркиялық БАҚ-та сүлейменшілердің түпкі мақсаты өз жақтастарын көбейтіп, зайырлы республиканың орнына теократиялық мемлекетті құру екені жазылған.

Ал, Ресейлік БАҚ-та сүлейменшілер Түркияда бейресми әрекет ететін радикалды діни ұйым ретінде көрсетілген. Радикалды діни идеологиясы үшін Түркияның ресми дін басқармасымен 1995 жылы қатынасын үзген.

Сүлейменшілер жамағаты қайырымдылықтыбүркемеленіп жабық медресе жүйесі негізіндепансионаттар арқылы әрекет етеді. Әлеуметтіктұрғыдан осал жандарға материалдық қолдаукөрсету (тегін тамақтандыру, жатақханадан орынберу) арқылы өз қатарына тартып, олардыңсанасына жамағатшылдық психологиянықалыптастырады. Сектанттық бағыттағыжамағатшылдық идеологияны жақтастарыарасында таратып, ресми мүфтиятқа астыртынқарсы әрекет жасап, елдің діндар қауымыныңауызбіршілігін бұзады, дінді саясиландырады. Қайырымдылықты бүркемелену арқылы әлеуметтіктұрғыдан осал азаматтарды өз қатарына тартып, жамағат мүддесіне берік етіп тәрбиелеп, олардыболашақта өз мүделерін жүзеге асыру үшін саясижәне бизнес элита қатарына қосылуына жағдайжасайды.

Бүгінде бұл жамағат өздерінің негізгімақсаттары жастардың діни сауатын ашып, Құранды үйрету, сондай-ақ жағдайы төмен немесекөпбалалы отбасылардан шыққан оқушылар мен студенттерді тегін жатақханамен қамтамасыз етуекенін айтқанымен, мұның астында коммерциялықмүдде жатқанын айта кеткеніміз жөн. Түркияжерінде бұл жамағатқа тиесілі көптегенбалабақшалар, жеке мектептер, ауруханалар, туристік және қажылық компаниялары, саудаұйымдары, баспа үйлері тіркелген.

Олар көбіне өздерінің баспаханасында шыққанкітаптарды ғана оқиды. Тәрбиеленуші балаларарасынан озықтары білімін жетілдіру үшінТүркиядағы арнайы курсқа (тәкәмүл) оқуғажіберіледі. Аталмыш курсты бітірген оқушы«ұстаз» атанып, тәлім-тәрбие жұмысыменайналысуға рұқсат алады.

Мекеме өкілдері пансионат тәрбиеленушілерінеқамқорлық жасаумен қатар, көбінесе «медресе» атын жамылып, шәкірттер арқылы қаражатжинаумен айналысады.

Сүлейменшілер діни ғибадаттарын СүлейменТунаханды елестету (рабыта) арқылы жасайды. Жұма намазын мешіттен тыс жеке ғимараттарда да өткізе береді, бес уақыт намазды өз араларындаарнайы бекітілген намаз кестесіне (тақуим) сайөткізеді.

Сонымен қатар бұл жамағат Қазақстанмұсылмандарының тұғырнамасына қайшы келетін, қазақстандық патриотизм мен ұлттықидентификациядан айыратын шетелдік жат діниидеологияны астыртын түрде таратуға мүдделі. Радикал діни ойларды ашық түрденасихаттамағанымен, түбінде зайырлыққағидаттарды қолдамайды.

Жалпы бұл діни ұйым тарапынан келетін қауіптің бар екендігі және өскелең ұрпаққа тигізер зияны көп екендігін аңғаруға болады. Сол себепті, ресми діни бірлестіктерге қатысы жоқ, бірақ дінді үйретуге тырысатын күмәнді ұйымдардан аулақ болған жөн.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар