"133 мыңнан астам алматылық оқушы тегін тамақтанады": Қала әкімі Ерболат Досаев баяндама жасады

/image/2023/08/31/crop-36_8_646x1149_e62561cf52b842b9.jpeg

Биыл жергілікті бюджеттен 20,4 млрд. теңге қаражат көзделген. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен тамыз кеңесінде мегаполис басшысы Ерболат Досаев баяндады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ерболат Досаев өз баяндамасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына жасаған іссапарын еске алды. 

"Бір апта бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, Алматы қаласына жұмыс сапары барысында, оңтүстік астананың білім беруіндегі сапалы өзгерістердің қажеттілігіне тағы да баса назар аударды. Ол Алматы – заманауи білім берудің барлық жаңа үрдістері мықты дәстүрлермен үйлесуі тиіс, ерекше қала екенін атап өтті. Ел Президенті айтқандай, бүкіл ел аумағында тәжірибені тарату үшін ең озық оқыту әдістемелерін, үздік тәжірибелер мен жобаларды енгізу үшін эксперименттік алаңға айналуы өте маңызды.
Бұл үшін Мемлекет басшысы атап өткендей, қалада тиісті заманауи инфрақұрылым құрылып, бала іргелі білім алуы үшін, ал мектептегі оқу жылдары оның табысты мансабы мен жалпы әл-ауқатының негізін қалап, оның өміріндегі ең маңызды жылдарға айналуы қажет", деді қала әкімі. 

Содан кейін Ерболат Досаев қаладағы білім саласындағы өзгерістер мен қабылданған жаңа шешімдерге тоқталып өтті. 

"Былтыр біз халықаралық озық тәжірибеге сүйене отырып, қаланы дамытудың 2025 жылға дейінгі орта мерзімді бағдарламасын қабылдадық, онда негізгі компоненттердің бірі білім беру жүйесін дамыту болып табылады. Полицентристік дамуға назар аударып біртіндеп біз балаларымыздың табысты әрі жақсы өмір сүру үшін терең білім мен әртүрлі дағдыларды игеруі үшін оларды оқытуға тең және инклюзивті қолжетімділік моделін жүзеге асырамыз. Әрине, балаларымыздың білім алуына негіз болатын алғашқы кірпіш – сапалы мектепке дейінгі тәрбие.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев біздің алдымызға балабақшалардағы кезекті азайту міндетін қойды. Біріншіден, біз бұл мәселенің шешімін жеке бизнесті белсенді түрде тарту деп білеміз. Биыл Алматыда 76 жаңа жекеменшік мектепке дейінгі білім беру орталықтарында 5 330 орынға тапсырыс берілген (қазірдің өзінде 1,5 млрд.теңге сомасына 2 630 орынға – 46 орын). Әрі біз ірі құрылыс салушылармен әлеуметтік әріптестік тетігін дамытып жатырмыз, оның аясында 2025 жылға дейін 2 087 орынға арналған 11 толыққанды балабақша ашуды көздеп отырмыз", деп атап өтті Досаев. 

Досаевтың айтуынша, қаланың мемлекеттік мектептерінде сапалы білім беру үшін басты сын-қатер оқушы орындарының қазіргі тапшылығы болып отыр.

"Алматы – еліміздің түкпір-түкпірінен жастар жиналған қарқынды дамып келе жатқан мегаполис. Жыл сайын қала халқы 70 мың адамға өсіп, әлеуметтік саладағы сапалы қызметтер жоғары сұранысқа ие. Оқу жылы басталғанға дейін біз тапшылықты 36%-ға азайттық. Алайда туу көрсеткіші мен халықтың жоғары көші-қоны бұл мәселе ушықтыра түседі. Жаңа оқу жылында мемлекеттік және жекеменшік мектептерге 34 300 бала қабылданды. Бірінші сыныпқа 12 мыңнан астам бала барған", деді әкім. 

Ағымдағы міндеттерді шешу үшін әкімдік 2024-2025 жылдары пайдалануға берілетін 5,2 мың орынға арналған 13 мемлекеттік білім беру ұйымдарын жобалау мен салуды жалғастыруда. Біз жекеменшік мектептерді ашуды қолдаймыз – осы кезеңде 14,4 мың орынға 19 жекеменшік ұйым құруды жоспарлап отырмыз, оның ішінде ірі құрылыс салушылармен меморандумдар аясында – 9 мың орындық 10 мектеп.

Алматыда тапшылық мәселесін түбегейлі шешуде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын тиімді іске асыру болып табылады деп санаймыз, оның аясында 2025 жылға дейін қаланың барлық ауданында 37,1 мың орындық 22 мектеп салынды. Инфрақұрылым салу және жер телімін кеңейту үшін жергілікті бюджетте 19 млрд. теңге қарастырылған.

"Биылғы жылы әкімдік Қазақ тамақтану академиясымен және Ұлттық салауатты тамақтану орталығымен бірлесіп «Оқушылардың денсаулығын басқару» мектеп тағамдарының жаңа моделі пилоттық жобасын әзірленіп жатыр және панельдік сессияда бізді осы тақырып бойынша қызықты әрі танымдық пікірталас күтіп тұр деп сенемін.

Балалардың қауіпсіздігі – бұл балаларды қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты басымдығының бірі.

Биыл жыл соңына дейін барлық 206 мемлекеттік мектепте, 8 интернатта және 193 мемлекеттік балабақшада қауіпсіздік жүйесін енгізу аяқталады. Бұл жоба жалпы құны 7,6 млрд. теңге болатын үш жылдық сервистік модель аясында қаржыландырылады.

Сапалы білім беру қызметтерін көрсетудің маңызды элементі біздің педагогтардың біліктілігін үздіксіз арттыру. Биыл біз екі жылдық тәжірибеге сүйене отырып, басшылар мен мұғалімдерді оқытудың кешенді бағдарламасын кеңейттік. Енді оған орта білім беру мектептерінің менеджерлері мен мұғалімдері ғана емес, мектепке дейінгі ұйымдар мен колледждер де кірді. Инклюзивті білім беру мұғалімдерінің білімін жетілдіру жөніндегі жоба алғаш рет іске асырылып жатыр, осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 7 мыңға жуық адамды қамтитын 1,9 млрд. теңге бөлінді. Бұл курстар Қазақстан, Сингапур, Ұлыбритания және Швейцарияның жетекші білім беру ұйымдарының базасында өтіп жатыр.

Қорытындылай келе, мен конференцияның сәтті жұмысын тілеймін және панельдік сессиялар жемісті және тиімді, конференция ұсыныстары жаңа прогрессивті өзгерістер мен инновациялардың кепілі болады деп үміттенемін.

Баршаңызды келе жатқан білім күнімен шын жүректен құттықтаймын және баршаңызға денсаулық, табыс және амандық тілеймін!", деп сөзін аяқтады Ерболат Досаев. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар