Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі ел аумағында TikTok әлеуметтік желісін бұғаттау туралы шешім қабылдады.
Министрлікке бірқатар үкіметтік емес ұйымнан TikTok желісі балалардың психикалық дамуы мен денсаулығына теріс әсер ететіні туралы шағым түскен. Онда TikTok-тағы видеолардың адам өміріне қауіп төндіретіні, жасөспірімдердің еліктеп, қауіпті оқиғаларды қайталауға тырысатыны, оның соңы өлімге әкеліп соғуы мүмкін екені айтылған.
"Осы өтініштерді ескеріп, мониторинг негізінде Қырғызстан аумағында TikTok сервисін тарату қызметін тоқтату туралы шешім қабылданды" – делінген министрліктің хабарламасында.
Бұл шешім Қырғыз Республикасының заңнамасы шеңберінде одан әрі іске асыру үшін елдің Цифрлық даму министрлігіне жіберілген.
Пікір қалдыру