Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында Pitch Day деп аталатын кездесу туралы ақпарат жариялады. Бұл жиынға қатысушылар елорданың денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, тұрғындардың қауіпсіздігі және т. б. салаларды цифрландыруға бағытталған 10 IT-жобаны таныстырды.
«Цифрлық технологиялар – бүгінде күнделікті өмірімізді жайлы ететін инфрақұрылымның ажырамас бөлігі. Қалалық орта дамуы үшін инновацияның жолымен жүруі керек. Біз үшін мұндай алаңдар – инновациялық идеялар мен ұсыныстар талқыланатын жер ғана емес әрі сол жобалар қолдау табатын және іске асырылатын орын. Осыған дейін қала бірқатар жобаға, соның ішінде «Қолжетімді аула» бойынша, сондай-ақ білім беру, медицина және т. б. салаларда қолдау көрсетті» деді әкім.
Жеңіс Қасымбек ұсынылған жобаларды егжей-тегжейлі зерттейтінін айтты.
«Сондай-ақ Pitch Day қатысушыларымен бірлесіп, қалалық қызметтеріміздің жұмысын жүйелендіруге және оңтайландыруға мүмкіндік беретін жобалар құру бойынша жұмыс істейміз. Бірегей инновациялық идеялары мен жобалары бар IT-мамандар, біздің профильді басқармамыздың форумдарының қатысушысы бола аласыздар. Біз қолдау көрсетуге және бірлесіп жұмыс істеуге қашанда дайынбыз» деп сөзін түйіндеді қала басшысы.
Пікір қалдыру