Қайрат Құдайберген мен Дикий Арманның қылмыстық ісі сотқа жіберілді

/image/2023/09/06/crop-23_7_699x1242_wq8xe2m6.webp
Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайбергенге қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді.
 
Қылмыстық істі Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қарайтын болды. Сот процесінің қашан өтетіні әзірше белгісіз.
 
Еске сала кетейік, "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев былтыр 7 қаңтарда ұсталған болатын. Кейін ҚР Бас прокуратурасы Дикий Арманның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын мәлімдеді. Содан бері оны қамауда ұстау мерзімі тоқтаусыз ұзартылып келген болатын. 
 
Ал Алматы қалалық мәслихат депутаты, кәсіпкер Қайрат Құдайберген 2022 жылдың сәуірінде ұсталып, полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. Кәсіпкер қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деп айыпталған еді. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар